Алғабас ауылында жаңадан салынған медициналық пунктің төбесінен су ақты
Кеген ауданы, Алғабас ауылында жаңадан салынған медициналық пунктің төбесінен су ақты. Нысан өткен айда ел игілігіне берілген еді. Алайда тұрғындардың қуанышы көпге созылмады. Қар мен шауын-шашыннан кейін шатыр тесілген.
Мына бейнежазбада су жай ғана тамшылап тұрған жоқ, ол тікелей электр желілері мен жарық шамдарының ішінен аққан. Бұл - кез келген сәтте қысқа тұйықталу болып, өрт шығу қаупі бар деген сөз. Қазірдің өзінде қабырғаларда су өткенін дәлелдейтін сары іздер қалып, жаңадан жасалған әрлеу жұмыстары бүлінген. Мемлекет қазынасынан бұл нысанға 129 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Құрылысқа жауапты "Батыс Монтаж Сервис" компаниясы. Құжат бойынша нысан 100 пайыз дайын деп қабылданған. Бірақ ғимараттың бүгінгі сиқы осы. Ал, нысанды қабылдап алған жауапты мекеме басшылығы құрылыс компаниясына шара қолданылады деді.
ЖАСҰЛАН ОҢАЛБАЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Алғабас ауылында Кеген ауданында медициналық пункттың төбесінен су ағуы мәселесі айтатын болсақ, бұл жерде ол құрылыс салған мердігер ұйым бар «БатысМонтажСервис» деген, олардың ол жаңағы кепілдігінде бар. Әр бір құрылыс нысандары екі жылдан бастап кепілдемелері бар олардың. Сол кепілдемеге байланысты олар жұмыстарды толыққанды қайтадан қалпына келтіреді.