Алматы облысында психологиялық қолдау оқу-әдістемелік орталығы қызметкерлерінің жалақысын өседі
Алматы облысындағы психологиялық қолдау оқу-әдістемелік орталығы қызметкерлерінің жалақысы өседі. Бұл жөнінде облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында мәлім болды. Сонымен қатар су шаруашылығын жетілдірудің кешенді жоспары таныстырылды.
Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы су саласын дамытуға арналған кешенді жоспарды әзірледі. Құжатта гидротехникалық нысандарды салу және жаңғырту, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған. Бұл шаралар су тасқыны қаупін төмендетіп, инфрақұрылымның қауіпсіздігін арттыруға және өңірді тұрақты сумен қамтамасыз етуге бағытталған.
ЖАНАТ АЛТЫНҚАДАСҰЛЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
«Мынау көктемгі егістік жұмыстарында су өте көп қолданылады, керекті. Оның үстіне біздің Алматы облысы аграрлық аймақ болып есептеледі. Дәнді дақылдар, майлы дақылдарды өсіруге осы суармалы каналдар арқылы су барады. Осы каналдардың жағдайы қазіргі таңда жақсы болмай тұр, оны тазалау жұмыстары. Вот соған алдын ала бағдарлама жасап, олардың техникалық базасы аз, соны кешенді бір бағдарлама жасайық деп сондай шешім қабылданды»
Сонымен қатар психологиялық қолдау оқу-әдістемелік орталығы қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесі қаралды. Орталықтың 24 маманы 1 700 ге жуық білім беру ұйымындағы әдістемелік жұмысқа атсаласыды. Осыны ескерген депутаттар жергілікті бюджеттен қызметкерлерге ынталандыру үстемақыларын қосу ұсынды
БОЛАТЖАН НҰРБЕКОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЛА БОЙЫНША ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
« Алматы облысы бойынша психологиялық қолдау, әдістемелік-оқу орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық айлық ақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстеме ақысын 45 пайыздан аспайтын етіп белгіледі»
Алматы облысында бүгінде 1 197 тарих және мәдениет ескерткіші мемлекеттік есепке алынған. Сессияда жергілікті маңызы бар ескерткіштерді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелерін белгілеу мәселесі қаралды.
БОЛАТЖАН НҰРБЕКОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЛА БОЙЫНША ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
«Алматы облыстық тарихи маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшері белгіленді. Ол енді ауылдық жерлерде 0,2, қалалық маңызы бар жерлерде 1 айлық есептік көрсеткішке дейін белгіленді, көлемде белгіленді. Осы екі мәселе сессияда ұсынылған, қолдау тапты»
Мәслихат сессиясында көтерілген мәселелер мен қабылданған шешімдер өңір дамуы мен тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға ықпал етпек.