Алматы облысында барлық деңгейдегі әкімдердің қатысуымен азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өтті

Алматы облысында барлық деңгейдегі әкімдердің қатысуымен азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өтті. Кездесулер AMANAT партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде онлайн және оффлайн форматта ұйымдастырылды.

Қоғамдық қабылдауда тұрғындарды әлеуметтік қолдау, жер қатынастары, инфрақұрылым, тұрғын үй және жұмыспен қамту мәселелері тыңдалды. Әр өтініш бойынша нақты тапсырмалар берілді. Назар аудартқан мәселенің бірі – Ұзынағаш ауылында 600 орындық мектеп салу мәселесі. Нысан салатын жер телімі белгіленіп қойды. Халық саны артқан соң білім беру нысандарына түсетін жүктеме көбейген. Өткен жылы партияның қоғамдық қабылдауына төрт мыңнан астам өтініш түсіп, оның 60 пайызы оң шешімін тапты. 

ДОҒДЫРГҮЛ МОЛДАХАЛЫҚОВА
ҰЗЫНАҒАШ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Бүгін міне облыс әкімі М.Елеусізұлының қабылдауына келіп, өзімнің сұрағыма мардымды жауап алдым. Біздің Ұзынағаш ауылында 35 үй деген мекен бар. Сол мекенде халық санының көбеюіне байланысты сол жердегі балалардың оқуына керек мектеп сұрадым. Облыс әкімі жақсы жауап берді. Қазір Қарғалы ауылында үш ауысымды мектеп  салынады екен  биыл, сол мектеп салынғаннан кейін келесі жылы мектеп салуды қарастырамыз  деді»  

Сондай-ақ оқыңыз: