Марат Сұлтанғазиев Талғар ауданындағы тігін фабрикасының еңбек ұжымымен кездесті
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар ауданындағы тігін фабрикасының еңбек ұжымымен кездесті. Кездесуде «Әділетті заң – тұрақты мемлекет негізі» тақырыбы аясында Ата Заңға енгізілетін өзгерістер жан-жақты талқыланды.
Әңгіме өзегіне заң үстемдігі мен әділетті қоғам құру мәселесі арқау болды. Заңның үстемдігі – дамыған мемлекеттің басты қағидаты болса, әділеттілік – қоғам тұрақтылығының берік тірегі. Кездесуде конституциялық реформалардың негізгі бағыттары түсіндірілді. Сот жүйесін жетілдіру, Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту, Мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тиімділігін арттыру. Облыс әкімі алдағы жалпыхалықтық референдумның маңызын атап өтті. Әрбір дауыс – ел болашағына деген жауапкершілік. Жиынға қатысушылар реформалардың мәні мен маңызы туралы кеңірек мағлұмат алды.
МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Өйткені үлкен маңызды тарихи сәт. Әр адам өзінің тарихи таңдауын жасауы керек. Сол себептен біздің жұмыстың бәрі соған бағытталған.Тек қана мынау баннермен, теледидардағы рекламамен ғана шектелмей, жалпы адамдармен сұхбаттасқан өте жөн деп санаймыз. СКЛ Қазіргі күні аудандар да, біздің қоғамдық белсенділер де, біздің ардагерлер де, жастар да, бәрі осы бағытта жұмыс істеуде.»