Қонаевта Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев тұрғындармен кездесті

Қонаевта еліміздің Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев өңір тұрғындарымен кездесті. Басқосуда елдегі цифрлық трансформацияның қарқыны мен ақпараттық қауіпсіздікті күшейту жұмысы айтылды. Бүгінде электрондық үкімет сервистері қазақстандықтардың күнделікті өміріне берік енді. Мемлекеттік қызметтердің 92 пайызы онлайн жүйеде қолжетімді. QR-қолтаңба мен биометрия да кеңінен қолданылады.Өткен жылдың өзінде цифрлық құжаттар сервисі 292 миллион рет пайдаланылды. Осындай деректерді келтірген вице-министр  жеке деректерді қорғау мәселесіне айрықша мән беріліп отырғанын атап өтті.

ДОСЖАН МҰСАЛИЕВ
ҚР ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ
« Қазіргі таңда жеке деректерді қорғау мәселесі ерекше бақылауда. Конституцияға жеке деректердің қорғалуын күшейтуге бағытталған өзгерістер енгізілуде, бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғасып жатыр. Қолданыстағы заңнама аясында талаптар күшейтіліп, жеке деректерді қорғау саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті арттыру көзделген. 2025 жылы айыппұл мөлшері 2000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды»

Сондай-ақ оқыңыз: