Өңірде жаңа Конституция жобасын түсіндіру жұмысы жалғасуда

Өңірде жаңа Конституция жобасын түсіндіру жұмысы жалғасуда. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Жанболат Жөргенбаев пен Зәкіржан Кузиев Іле ауданына  барып, еңбек ұжымдарымен кездесті. Сенаторлар Конституция жобасында қамтылған негізгі өзгерістерге кеңінен тоқталды.

Сенаторлар  «Алатау жарық» компаниясының Іле аудандық бөлімшесіне ат басын тіреді. Мекеме  жұмысшыларымен кездесіп, конституция жобасының маңызы тұстарын түсіндірді. Жаңа құжаттың басты құндылығы – адам құқығы мен бостандығы. Сондай ақ  мемлекеттік басқару жүйесін жаңарту, билік теңгерімін сақтау және азаматтардың белсенділігін арттыру мақсаты көзделгенін айтты.

ЖАНБОЛАТ ЖӨРГЕНБАЕВ
ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
«Заң халық үшін деген қағидамен жасалып жатыр. Иновация, ғылым, біздің мынау табиғи байлықтарымызға соның бәрі халыққа тиімді тұрғыда осы конституцияға еніп жатыр. Көп сұрақтар туындап жатыр деп айта алмаймыз. Халыққа бәрі түсінікті сияқты. Өздеріңізде көрдіңіздер. Ең бастысы 15 наурызда әркім келіп таңдау жасау керек. Ол қолдайма қолдамай ма ол әркімнің өз құқығы.»

Нақтырақ айтқанда жаңа заң жобасында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған арнайы баптар жан-жақты жетілдірілді. Яғни адам - мемлекеттің басты құндылығы ретінде бекітіліп, «әділеттілік, заң мен тәртіп» қағидаттары Конституция деңгейінде көрсетілді. Бұл – мемлекет пен қоғам арасындағы келісімді нығайтудың маңызды қадамы. Мұндай жағымды өзгерістер жұмысшы мамандар үшін де айрықша маңызға ие.

НҰРБЕК ТӨЛЕУБЕКОВ
 ӨТЕГЕН БАТЫР ЭЛЕКТР ТОРАБЫНЫҢ ТОП ЖЕТЕКШІСІ
«Референдумға бәріміз де қатысамыз. Үйткені бұл біздің отанның алдындағы парызымыз. Сондықтан өзім де отбасы мүшелерім де толық қатысуға тырысамыз. Жаңа конституцияның барлық баптарымен келісеміз.  Өйткені біз осы елдің азаматы болған соң мұндай істі қолдау біздің азаматтық борышымыз.»

Контитуциялық реформа  - ел өміріндегі аса маңызды оқиға. Азаматтардың саяси сауаты мен қоғамдық белсенділігі осындайда айқын көрінеді. Депутаттар жұмысшыларды  мемлекеттің даму бағытын айқындайтын референдумқа белсенді қатысуға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыз: