Көкөзек ауылының мәселелері қашан шешіледі?

Қарасай ауданы, Көкөзек ауылына ел қоныстанғанына 10 жылға жуық уақыт болды. Әйтседе жұрт әлі күнге дейін жол мен жарыққа жарымай отыр. Газ бен электр жарығының бағасы қымбат. Ал ауыз суды тасып ішуге мәжбүр.  Тіпті елді мекенге енбей қалған көшелер де бар екен.

Көкөзек Алматыдан 25 шақырым жерде орналасқан. Қазір ауылда 10 мыңға жуық халық тұрады. Әйтсе де, әлі күнге дейін жол жөнделіп, көшелер жарықтандырылмаған. 

АЙЖАН ОМАРОВА
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
«Каждый көше, мелочь көшелер болады ғой соның ешқайсысында жол жоқ. Жол жасалмаған. Жол жасау үшін жарық болу керек дит. Жарықта жасалмаған.... Тек мектептің жолында ғана жарық жасалған. Сосын мектеп айналасына ғана асфальт соққан.»

«Ауылдық инфрақұрылым негізінен  әлеуметтік нысандарға бағытталған. Сол үшін былтыр мектеп маңындағы 6 көшенің жолы салынып, жарық шамдар да тек сол аумаққа орнатылды» -дейді ауыл әкімі

БІРЖАН МАХАТОВ 
ЕЛТАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
«Қай жер ең алыс, қай жерден мектепке барады сол орталық көшелерді жасап береміз. +Биыл бізге 1 км ге қаражат бөлінді. Осы жылы ауа райы қалай реттеледі солай бастаймыз. Енді олардың бюджеттік жоспары бар. Қалай бюджет бөлінеді содан кейін олар да жасалынады. Алдағы 3-4 жылда жасалады.» 

Әкімнің айтуынша биыл  4 көшеге асфальт төселіп,  3 көшеге жарық шам орнатылады. Алайда мәселе мұнымен аяқталмады.  

АЛМАГҮЛ ӘЙТЕШОВА 
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
«Екінші мәселе бізде газ.  Газды 45 тг 81 тиыннан төлеп отырғанбыз.  Ақпан айынан бастап 2 теңгеге көтерілді. Бірақ бізге оның себебін айтатын адам жоқ. Мен өз басым 135 кв метрге осы айда 36 150 тг төледім. Ауыз суымыз бар одан кейін. Ауыз су газ скважина. Ол жер тазаланбаған, ол жерде не бар не жоғын білмейміз. 2017 ден соны ішіп отырмыз. Енді бізге 300 мыңнан кіргізіңіз дейді.»   

 Қазір ауыл тұрғындары тұтынып отырған газ, жарық , тіпті ауыз су да жекенің меншігінде. Сәйкесінше баға да тұрақсыз. «Ал көкөзектіктерді толықтай тиімді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 1 гектар жерге жаңа ұңғыма салынуы қажет»-дейді жауаптылар. 

БІРЖАН МАХАТОВ 
ЕЛТАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ 
«Су бойынша қазіргі таңда бізде жеке компания «Бияш транс өз ұңғымасын қазып, қосылу 350 000 деп жатыр бір үй. Біз халықпен бірге жиналып Антимонопольный комитетке жазғанбыз. Олардың бағасын санап берсін бізге содан кейін нақты жауабын айта аламыз»

Жарыққа да жарымай отырған тұрғындар  «электр желісі жекеден мемлекет меншігіне өтіп, тариф тұрақтанып, жарық сөнбесе» деп үміттенеді.  

РИНАТ РАХАТОВ 
ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
«Аудан әкімінің тапсырмасына сай 2026 жылдың бірінші жартысында қабылдау қарастыру жобасына еңгізілген. Аудандық РЭС дит, ТКБ одан кейін жеке кәсіпкер сол үш тараптан келісім шарт жасалады. Келісім шарт аясында ол кісілердің қарызы болмай, линиялар өз баланысына қабылдап, қарастырылады.» 

Көше иттерінің де көпшіліктің мазасын алғалы біраз болған. Тұрғындардың қоғамдық көлікке де көңілі толмайды. 2500 тұрғын қоныстанған бүтін бір аймақтың 6 көшесі елді мекен картасына енбей қалған. Әкімдік бұл мәселені  жыл соңына дейін шешеміз деді.

Сондай-ақ оқыңыз: