Жалпыұлттық коалиция мүшелері Қарасай ауданы тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

«Қазақстанның болашағы үшін бірге шешім қабылдайық».   Жалпыұлттық коалиция мүшелері мен белгілі өнер жұлдыздары Қарасай ауданы тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды. Жаңа заң жобасын қолдау мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада Ата заңға енгізілетін өзгерістер айтылды. Жиналған қауым назарына өнерпаздардың концерттік бағдарламасы ұсынылды. Белсенділер  құқық үстемдігі мен жаңа басқару жүйесіне тоқталып, ел дамуының жаңа кезеңінде қоғамның бірлігі  маңызды екенін атап өтті.

ҚАЗЫБЕК ДӘУІТӘЛИЕВ 
ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯ МҮШЕСІ
«Бұл жаңа конституция жастар үшін жазылған нормаларды қамтиды. Әсіресе прогрессивті ұлт болу, еңбексүйгіштік мәдениетін дәріптеу, инновация, жасампаздық, цифрлы құқықтардың қамтамасыз етілуі, адамның цифрлы бостандығына нұқсан келмеу мәселесі де. Өйткені біздің жастарымыз цифрлы заманның тікелей белсенді субъектісі. Сондықтан конституцияға қатысты мынау бүгінгі талқылауымыз өте маңызды болып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз: