Жамбыл ауданында дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ

Жамбыл ауданында дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ. Бұған дейін Ұзынағаш ауылы тұрғындары мемлекеттен берілетін тегін дәрі-дәрмектерді алу үшін таңсәріден кезек күтуге мәжбүр екендерін айтқан еді.

Тұрғындардың сөзінше, қажетті препараттарды уақытылы алу қиынға соғып, ескі ғимаратта отыратын орындар жетіспеген. Аталған мәселеге байланысты Жамбыл аудандық  орталық аурухана басшылығы түсініктеме берді. Қолайсыз жағдай былтыр дәріхананың жөндеу жұмыстарына байланысты жабылуынан туындаған. Сол кезеңде дәріхана қызметі уақытша жанындағы ескі ғимаратқа көшірілген. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары толық аяқталды. 26 ақпаннан бастап дәріхана бұрынғы орнында жұмысын қайта бастап, келушілерді қабылдайды.

ЖАНАТ АБДЫМОЛДАЕВА
ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 
«...Ол кісілер дәрінің қай уақытта келетінін біледі.  Соны аламыз деп келген. Дәрілік заттарды қамтамасыз ету жүйесінде де техникалық ақаулар болып, уақытында дәрілік заттарды бере алмау қиыншылықтары туындады. Бірақ қазіргі таңда ол шешіліп, уақытында науқастар дәрілік заттармен қамтамасыз етіліп жатыр».

ЛАУРА ШАМЕН
ҰЗЫНАҒАШ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«5 жыл болды сахармен ауырғаныма. Келемін бірақ мынандай адам көп болды, кезекте тұрдық деген мәселе болған жоқ. Келемін аламын кетемін. Таңертен де келемін бірақ, олай кезекте тұрып көрмеппін»

Сондай-ақ оқыңыз: