Біліктілікті арттыру семинары өтті
Республикалық референдумға дайындық аясында Ұйғыр ауданында сайлау комиссия мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған оқу семинары өтті. Мақсат-референдумды ұйымдастыру және өткізу барысында заң талаптарын нақты түсіндіру. Іс-шара Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының бастамасымен ұйымдастырылды.
Қатысушыларға референдум өткізу тәртібі, дауыс беру күніндегі іс-әрекет алгоритмдері, бақылаушылармен жұмыс және құқықтық нормаларды сақтау мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Бағдарлама теориялық бөліммен қатар практикалық тапсырмаларды да қамтыды.
МЕЙРАМГҮЛ АЙТОВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ
« Бұл оқыту жұмыстарын біз Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалымен бірлесіп жүргізудеміз. Жалпы, референдум тағайындалғаннан бері Орталық референдум комиссиясының қаулысымен оқытудың каскадтық жүйесі бекітілген болатын. Осы жүйеге сәйкес аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері орталық комиссия ұйымдастырған оқытуларына қатысты.Қазіргі кезде біз 9 аудан, 2 қала бойынша екінші кезеңін өткізіп жатырмыз. Бүгінгі күнге дейін осындай оқытулар Кеген және Райымбек аудандарында өтті. Бүгінгі үшінші семинарымыз Ұйғыр ауданында өтіп жатыр.Оқыту барысында біз референдум комиссиясы мүшелерінің өздеріне міндеттелген қызметтері жөнінде біздің бағдарламамызда жеке тақырып бар Заң талаптары оның сақталуы, заң бұзылған жағдайда қойылатын жаңағы жауапкершілік жөнінде кеңінен комиссияларға жеткізуге тырысудамыз»
Оқу барысында сайлау учаскесінде туындауы мүмкін әртүрлі жағдайлар нақты мысалдар арқылы жан-жақты талқыланды. Комиссия мүшелері дауыс беру құпиясын сақтап, хаттамаларды дұрыс рәсімдеп, құқықтық ережелерді қатаң ұстануы тиіс. Референдум өткізу процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету – негізгі талаптардың бірі» дейді мамандар.
«Осылайша, Ұйғыр ауданында республикалық референдумға дайындық жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Ұйымдастырушылық-құқықтық талаптарды нақтылау және комиссия мүшелерінің біліктілігін арттыру – алдағы саяси науқанның ашық әрі заң талаптарына сай өтуінің басты кепілі.