Қасиетті ай - Рамазан!
Рамазан – мұсылман қауымы үшін рухани жаңару мен тазарудың, мейірімділік пен қайырымдылықтың кезеңі.
Бұл айда мұсылман баласы тек тәнін ғана емес, жан-дүниесін де тазартып, жақсы амалдарға ұмтылады. Ұйғыр аудандық орталық мешітте өткен жұма уағызында осы құндылықтар кеңінен насихатталды. Имамның айтуынша, тазалық ұғымы тек жеке адамның ішкі дүниесімен шектелмейді. Бұл – отбасы тәрбиесі, қоғамдық жауапкершілік және қоршаған ортаға деген құрметпен де тығыз байланысты. Жамағат қасиетті айда көбірек сауапты амал жасап, мұқтаж жандарға көмек көрсетуді басты мақсат санайды. Рамазан – адамдарды жақсылыққа бастайтын, жүректерді жұмсартып, қоғамды ізгілікке шақыратын ерекше ай.
АЛМАТ ӘШІРБАЕВ
ҰЙҒЫР АУДАНЫНЫҢ БАС ИМАМЫ
«Қасиетті Рамазан айымыз, бұл – тазалыққа, жақсылыққа, мейірімділікке, сондай бір ауызбіршілікке үндейтін ай. Биылғы жылды Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы “Ислам және адал қоғам” деп жариялады. Бұл адалдық деген тазалық деген дүниеге де пара пар. Неге десеңіз бұл тазалық тазалық – иманның жартысы деген Пайғамбарымыз с.ғ.с хадисі бар. Сондықтан Рамазан айы тазалыққа, жақсылыққа үндейтін де ай»