Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 1 млн турист келді

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 30 жыл. Бүгінде парк  200 мың гектарға дейін кеңейіп, ерекше қорғалатын табиғи аймақ 35 мың гектарға ұлғайды. 1996 жылдан бері мұнда 5 миллионнан астам көшет отырғызылып, орман қорын қалпына келтіру жұмыстары жүйелі жүргізілді.  Іле Алатауы тек табиғи байлық емес, бұл мемлекет назарындағы стратегиялық экожүйе. Алдағы уақытта таулы аймақта қандай инвестициялық жобалар жүзеге асады?

30 жылдық мерейтойға орай өткен баспасөз конференциясында парк басшылығы соңғы жылдардағы негізгі жетістіктерді қорытындылады. Маңыздыларының бірі қауіпсіздік деңгейінің айтарлықтай күшеюі. Қазір парк аумағында 4 заманауи орман өрт сөндіру стансасы жұмыс істейді. Онда 41 маман тәулік бойы кезекшілік атқарады. Арнайы техника мен жедел әрекет ету жүйесі толық жаңартылған. Келушілер саны да жыл өте көбеюде, парк ашылғанда 30 мың адам болса былтыр 1 млнға жуықтаған. Саяхатшылар ең көп баратын орындардың қатарында Үлкен Алматы көлі, Түрген сарқырамалары, Есік көлі және Бутаковка шатқалы бар.

ЕЛНҰР АХМЕТОВ
ІЛЕ-АЛАТАУЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ
«94 инвесторлық жоба жұмыс атқарып келе жатыр. Соның ішінде үлкен- үлкен бвзалар құрылды. Ақбұлақ шаңғы базасы, Ойқарағай шаңғы базасы, Пионер шаңғы базасы және Шымбұлақ шаңғы базасы одан да кеңейтіліп қазір үлкейтіліп жатыр. Және де Алматы қалалық тау шаңғы базаларының үлкен класстері жасалынып жатыр.

Биыл паркте бірнеше жаңа соқпақ пен визит-орталық іске қосылмақ. Қазір туристік маршруттар саны 46-ға жеткен, ал алдағы үш жылда тағы 30 бағыт ашу жоспарланып отыр. Жануарлар дүниесін қорғауда нәтиже бар. Паркте 39 ілбіс, 85 қоңыр аю, 500-ге жуық тас сусары және 97 бүркіт тіркелген.  Аумағында екі генетикалық резерват құрылып, Сиверс алмасы сақталуда. 2024 жылы ұлттық парктер арасында алғаш рет in-vitro зертханасы ашылып, сирек өсімдіктерді қолдан көбейту басталды. Мерейтой аясында да бірқатар ауқымды шаралар жоспарланып отыр.

ЕЛНҰР АХМЕТОВ
ІЛЕ-АЛАТАУЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ
«Сиверс алмасын зерттеген академик ботаник Аймақ Жаңғаұлына арналған үлкен музейіміз ашылады жәнеде визит орталық жәнеде ғылыми турситтік бағытымыз ашылады 800 метр. Жалпы 1,5 млн. туристтік қабылдауға әзірміз»

Қазір парк аумағында 3 шаңғы курорты, 5 визит-орталық және бірнеше заманауи демалыс нысандары жұмыс істейді. Бұл – табиғатты сақтаудың, туризмді дамытудың және ғылыми ізденістерді жүйелеудің ұлттық моделіне айналған бірегей кеңістік.

Сондай-ақ оқыңыз: