Қарасай ауданы Шалқар ауылының көшелерінде көліктер батпаққа батып жатыр
«Қарасай ауданы Шалқар ауылының көшелерінде көліктер батпаққа батып жатыр. Көктемнің алғашқы лебі келгелі көрген күніміз осы. Балалар мектепке барудан қалды»! Осындай тақырыпта жергілікті тұрғындар түсірген бейнекөрініс әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Ал елді-мекендегі нақты жағдай қалай?
ГҮЛЖАНАТ МАХАМБЕТОВА
ШАЛҚАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Былтыр келіп бүкіл жерді қазды, акиматтан келді. Ойбай біз жақсылап трубаны тастап, көміп ктеміз деді. Өзім декретте отырған адаммын, бәрін көріп жүрмін. Енді көрегн күніміз мынау бүкіл жер ойылып тұр.»
Бұл шудың басы Шалқар ауылындағы ескі ауыз су құбырын қайта жаңғыртудан басталған. Жоба бойынша елді-мекендегі 22 көшеде жалпы ұзындығы 46 шақырымға жуық жаңа желі тартылуы тиіс еді. Мердігер жұмысын өткен жылы сәуір айында бастады. Олардың айтуынша ескі су құбырларының жарылуы және күннің ерте жылынуы осы жағдайға әкеліп отыр.
АЙДАР БЕЛГІБАЕВ
МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ ӨКІЛІ
«Арасында ескі су трубалары жарылып, содан су шығып жер отыры жатыр. Одан кейін сол сулар біз тартқан трубаның үстіне шығып арық жасап жатыр. Салдарынан машиналар батпаққа батқан.бірақ біз баластар төсеп тегістеу жұмыстарын жүргіземіз.»
Тұрғындар «Көшеде белшеден батпақ кешіп жығылып сүрінеміз, ал үйде тіршілік нәрі тоқтаған» дейді. Бір жағында ескі құбыр жарылып жатса, енді бар жағынан жаңа құбырда су жоқ. Амалсыз ағайын ас ауқатқа ағын су пайдаланып отырған көрінеді.
МАРИЯ ИСАЕВА
ШАЛҚАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Батпақтан құлап, осы жола білегімді сындырдым. Жүру мүмкін емес. Бізде су проблема. Суымыздың мәселесі өте қиын болып тұр. Үйдегі жылу да, газдың қысымы көтерілмейді. Осы өте қиын...»
Ал жауапты мекеме мамандарының айтуынша жалпы құны 1 милиярд 400 милион теңге болатын іргелі жоба биыл қыркүйек айының соңында толықтай аяқталады. Оған дейін тұрғындар шыдамдылық танытуы тиіс.
НҰРБОЛ ЖҮНІСБЕК
ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
«Қазіргі таңда ек су ұңғымасы қазылды. Енді су қоймасы салынып жатыр. Қазіргі таңда өзеннен су ішіп отыр. Нысанды толықтай аяқтағаннан кейін жер асты суын ішетін болады. Негізі мерзім осы жылдың аяғына дейін. Бірақ мердігер осы жлдың қыркүек айына дейін бітіріп береміз деп отыр.»
Келісім шартқа сай Шалқар аулындағы 15 көшеге жаңа су құбырмен бірге жаңа асфалт төселеді. Ал Болашақ көшесі тек тас төсенішпен қала береді дейді ауыл әкімі.
АЛМАЗ ЖАМБАУОВ
ЖАНДОСОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
«Асфалтқа былтыр авто жол бөлімімен жоба жасап қойдық. Енді ауыз су құбырының жөндеу жұмыстары соңына жеткеннен кейін ары қарай жұмыстарға кірісетін боламыз»
Ауылда көше шамдары да жанбайды. Әрі балалар ойын алаңқайлары да тапшы. Оған қоса бұралқы иеттердің мәселесі де тұрғындарды сәт сайын алаңдатады.