Қарасай ауданында 52 жасар әйелді ит талалу оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Қарасай ауданында 52 жасар әйелді ит талау  оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.  Қазір зардап шеккен әйел  ауруханада тиісті ем қабылдап жатыр. Ал иттердің иесіне қандай шара қолданылады?

Оқиға болған күні көмек көрсеткендер әйелдің арқасы мен сол аяғының ауыр жарақатын байқаған. Дәл сол күні аяғына күрделі ота жасалды. Басындағы жараны қарау үшін әйелдің шашын алуға тура келді – дейді дәрігерлер. 

ӘСЕТ ЕСҚҰЛОВ
ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«Кешкі  сағат сегізде біздің ауруханаға науқас түсті. Көптеген иттің тістеген жарақаттарымен. Түскен кездегі жағдайы орташа ауырлықта болды. Ота жасалды. Жаңағы біріншіден хирургиялық өңдеу, қазіргі таңда жағдайы орташа ауырлықта тұрақты. Емін хабылдап жатыр.Психологиялық жағдайы жақсы, психологтар келіп жұмыс істеп жатыр.»

Көршілердің айтуынша әйелді талаған иттердің иесі ауласында отыз шақты ит ұстап, өзін жануарларды қорғаушы ретінде таныстырады. Ал ветеринарлық қызмет «осы оқиғадан кейін жиырма жеті ит ауланып, екеуі құтыру ауруын анықтау үшін зертханалық тексеріске жіберілді» дейді.

ШАЛҚАР АҚАШ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ БАСҚАРМАНЫҢ БАС МАМАНЫ
«Әрине бұл қаңғыбас ит болса онда болар еді. Қазіргі таңда зоо қорғаушылар өте көп. Мысалыыға Алматы облысы бойынша он жеті зоо қорғаушы бар. Қазіргі уақытта. Ол кісілер өздері тіркемейді, айтқан сөзді тыңдамайды. СКЛ. Біз оларды аулаймыз, залалсыздандырғаннан кейін оларды

Бұралқы, қаңғыбас иттердің көбеюі – облыс үшін өзекті мәселе болып қала береді. Ал, күдіктінің кінәсі дәлелденсе ол  бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз: