Жыры бітпеген жол

«Алматының іргесінде отырып өркениеттен жұрдаймыз. Жолымыз шұрық тесік. Белшеден батпаққа батып, көшеге шығудан қалдық. Еңбекшіқазақ ауданы Жаңашар ауылы тұрғындары осылай деп арнамызға шағымданды. Ал көпшілік күткен асфальт қашан төселеді? 

Совет өкіметінен бері көшеміз асфальт төселмеді. Әр көктемде көретініміз осы. Балағымыз батпақтан қашан тазарады дейді Наниев көшесі тұрғындары

АЯУЛЫМ ЖҰМАН  
ЖАҢАШАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Міне көріп тұрсыз ғой. Волотада да жүрміз ғой. Қалай жүре аламыз. Ешқандай асфалт жоқ. Мысалы былай қарасаң Наниева көшесінен жол өткен да неге мына кусок қалып қалған. Ана жақтағы тағы бір бөлігі тағы неге қалып қалады? Ол да Наниеваға жатады ғой»  

Наниева көшесіндегі өзекті мәселе тек жалғыз қара жол емес. 70 жылдары тартылған ауызсу құбыры да ескіріп, ауылдағылар жаз бойы тіршілік нәрінен тапшылық көреді. Десе де өткен жылы осы көшедегілер өз қалталарынан ақша құрап, тозған құбырды жаңартқансыды.

ЖАҢЫЛСЫН ОҢАЙБАЕВА 
ЖАҢАШАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Судың мәселесін реттедік дейді бірақ су бізге жетпейді. Насостың көмегімен алып отырмыз. Болмаса мына кісілерде жазда мүлдем су болмайды»

ХАЛИДА КОНБАКИЕВА
ЖАҢАШАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«бізде жазда су болмайды. Кір жуу үшін машинаны түнгі 2-3 терде қосамыз. Күздіз су болмайды. Маторға қосамыз. Онда да күші жетпейді.» 

Тілшілер келді дегенді ести сала кездесуге жеткен ауыл әкімі елді-мекендегі бірқатар көшеде жағдай осылай екенін жоққа шығармады. «Десе де жұмыс ретімен болады. Әуелі ауылдың ауыз су жүйесін жаңғыртамыз. Асфальтті келесі кезекке қоямыз» деді.

СЫРЫМ ЖӘКІЖАНОВ
ЖАҢАШАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
«Күрделі жөндеуге құжаттама жұмыстары жасалып жатыр. Жасалып біткеннен кейін бүкіл ауылға су құбырын жаңлап өткіземіз. Содан кейін барып  содан кейін барып жолға кірісетін боламыз. Біз әуелі асфалт салып алып келесі жылы су құбырын жүргізсек ол екі жұмыс болады. Бәрімізге тиімсіз»  

Белшеден батпақ кешіп жүріп, өркениетті 21 ғасырда өмір сүріп жатқанымызға сене алмаймыз дейді Наниев көшесінің тұрғындары. Ал көшеге асфальт төселу үшін әуелі ауызсу құбыры жаңғыруы керек деген әкім сөзіне қарағанда тұрғындардың талап тілегі жуық арада яғни бірер жылда орындала қоймайтын сыңайлы.

Сондай-ақ оқыңыз: