Талғар ауданында заманауи жылыжай кешені
Алматы облысы, Талғар ауданында заманауи жылыжай кешені жұмыс істейді.
Жылыжайда пайдалы өсімдіктер мен түрлі шөп түрі өсіріледі. Қазақстандағы гидропоникалық технологияны қолданатын бірегей кәсіпорын жайлы тілшіміз тарқатсын.
Бұл - өсімдіктерді топырақсыз, жасанды ортада ерекше тәсілмен өсіретін жылыжай. Смарт-технологиялар арқылы жасалған кешенде табиғи өнім өсіп, жетіледі.
ЕКАТЕРИНА КАРМЫШЕВА
«GREEN ECO» ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ МАРКЕТИНГ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ
«Біздің жылыжайында тек табиғи торф қолданылады. Жылыжай өндірісінде торф – негізгі өсіру ингредиенті ретінде қолданылады. Біз қолданатын табиғи, таза өнім, Ресейден немесе Нидерландыдан жеткізіледі. Тыңайтқыш қауіпсіз»
Жылыжай қыс пен жазға қарамай айына шамамен 60 тонна өнім береді. Ал бұл көрсеткіш жылына өнімділік пен сұранысқа қарай 5 миллионнан 7 миллионға дейін жетеді. Қазір кешен нарыққа 30 дан астам өсімдік түрін ұсынып отыр. «Өндіріс процессіне тек органикалық тыңайтқыштар мен табиғи топырақ қолданылады, химиялық қоспалар мүлдем жоқ»- дейді мамандар
АЙВАЗ ДУЛАЕВ
СУАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ОПЕРАТОРЫ
«Алдымен тұқымдарды 12 сағатқа арнайы ерітіндіде жібітеміз. Егілетін тұқымдар өніп шығу камерасына қойылады. Алғашқы өскін шыққан соң, негізгі өсіру алаңына ауыстырылады»
Салауатты өмір салтын ұстанушылар санын көбейтіп, тамақтану мәдениетін арттыру мақсатында кешенде түрлі экскурсиялар ұйымдастырылады. Мұнда 160 адам еңбек етеді. Ал дайын өнім еліміздің 11 аймағына экспортталады.