Заңдағы өзгерістер талқыланды

Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев Іле ауданындағы «Гранит Талес Электроникс» серіктестігінің ұжымымен кездесті.

Басқосуда конституциялық реформаның елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы стратегиялық маңызы айтылды. Ол құжатта зазылған  азаматтардың құқықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және мемлекеттік басқаруды жетілдіру бастамаларына тоқталды. Кәсіпорын қызметкерлері көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Ұжым тарапынан әлеуметтік саясат, құқықтық реформалар және өңірлік даму мәселелері көтерілді. Барлық сұрақтарға нақты түсіндірме беріліп, жүзеге асырылып жатқан реформалардың мәні мен маңызы жан-жақты баяндалды.

ҚАЗЫБЕК ДӘУІТӘЛИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
«Бұл конституцияның нормасынан ұлт ұтылмайды. Бұл жерде көптеген бүгінгі Қазақстанның және ертеңгі Қазақстанның болашағына қажетті дүниелер еніп отыр. Міне осындай дүние айтылуда, біз осының қажеттілігін түсіндірудеміз, меніңше бұл өте маңызды және референдумға қатысу әрбір Қазақстанның азаматы үшін қажет дүние деп санаймын»

Сондай-ақ оқыңыз: