Мемлекет басшысы АҚШ-та өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысты
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев АҚШ тың Вашингтон қаласында өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысты.
Жиын Дональд Трамп атындағы Бейбітшілік институтында ұйымдастырылды. Әлем елдері басшылары мен халықаралық ұйым өкілдері бейбітшілік пен тұрақтылық мәселелерін талқылады.Тоқаев өз баяндамасында бейбітшілік тек ізгі ниетпен ғана емес, нақты әрі мақсатты қадамдармен орнатылатынын атап өтті. Сонымен қатар Тоқаев «Қазақстан Газа секторын тұрақтандыру мен қайта қалпына келтіруге қатысуға дайын. Инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандарды салуда халықаралық серіктестіктермен жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді. Сондай ақ еліміздің 500 ден астам палестиналық студентке оқу грантын беріп, гуманитарлық көмек көрсетуге әзірлігін мәлімдеді. Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің жұмысына Президент Трамптың атымен арнайы сыйлық тағайындау идеясын ұсынды. Осылайша мемлекет басшысы Қазақстанның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік шараларына белсенді араласатынын, әлемде бейбітшілік құру жолындағы өз ұстанымын көрсетті.