Коалиция мүшелері Талғар ауданының тұрғындарымен кездесті

Өңірімізде жалпыұлттық референдум алдындағы үгіт-насихат жұмысы белсенді жүріп жатыр. Коалиция мүшелері Талғар ауданының тұрғындарымен кездесіп, жаңа конституция жобасының қоғам үшін маңызын түсіндіріп, талқыға салды.

«Әділетті қоғам болашағы үшін өзгерістен қорықпауымыз керек»- осылай деген коалиция мүшелері жаңа заң жүйесін студенттермен талқылады Талғар жоғарғы медициналық колледжінде өткен жиында білім және инновация мүмкіндіктері ерекше назарға алынды.  

НҰРГҮЛ ТАУ
ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
«Халықтың көбісі қолдап шынымен бізге қажет екен деп, жаңа заман талабына сай қорғалғанын халық түсініп жатыр. Инновацияға қатысты көп сұрақтар болды. Менің қатысқан 5 кездесуім. Біздің цифрлы қауіпсіздігіміз қалай болады. Қазір алданып жатқан адамдар көп, шынымен қорғай ма деп. Қауіпсіздігімізді қамтамасыз ететіндей. Осыған біз түсіндіру жүргіздік. Үйткені алдында министрлік құрылды. Оған құзірет берілді, енді осының барлығы ата заңда көрсетіліп, салалық заңдарда ол толыққанды көрсетілетін болады.»

Кездесуде медициналық орталықта жалғасып,  жаңа заң жобасына енген заңгерлік көмек, адам құқығын қорғау, цифрлы қауіпсіздік мәселелері кеңінен қаралды. Тұрғындар әлеуметтік мәселелер мен салық жүйесіне қатысты сұрақтарын қойып, өз пікірлерін білдірді. 

АНАС БАҚҚОЖАЕВ
ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Әрбір қазақстандық өзінің елінің болашағын ойлайды сондықтан  жақсы жағынан қабылдап жатыр. Бүкіл халық бүкіл мәтінді 10 пайыз оқып тастамайды ғой. Ол мүмкін емес нәрсе. Кейбірінде уақыт болмайды. Сондықтанда қысқа-нұсқа, мәнді, маңызды тұстарын түсіндіріп айтқан кезде түсінгендей әсер қалдырды.»

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық конституциясы үшін» жалпы ұлттық коалиция мүшелері облыстың 5 ауданын аралап, әр бап пен әр тарауға қатысты қойылған сұрақтарға жауап береді.  Мұндай халықты ақпараттандыру жұмыстары алдағы уақытта жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыз: