Талғар ауданына қарасты Төңкеріс ауылы «Арақсыз ауыл» игі бастамасына қосылды

Талғар ауданына қарасты Төңкеріс ауылы «Арақсыз ауыл» игі бастамасына қосылды.

 Ауыл азаматтары алкоголь өнімдерін сатудан саналы түрде бас тартты. Осылайша елді-мекен өңірде ішімдік сатылмайтын он екінші ауыл атанды. Маңызды шешім полиция қызметкерлерінің ұсынысымен көтеріліп, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қолдауын тапты. Тәртіп сақшыларының айтуынша  мұндай шаралар ауыл-аймақтарда қылмыс деңгейін төмендетіп, тұрақтылықты нығайтуға оң әсерін тигізеді.

ӘБДІНҰР ТАСЫБАЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Ауылда спорт дамып, салауатты өмір салты насихатталып, жастардың пайдалы уақыт өткізуіне жағдай жасалуда. Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігі арқылы жүзеге асады. Тек бірлесе әрекет еткенде ғана біз қауіпсіз әрі жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыра аламыз. 

Сондай-ақ оқыңыз: