19 ақпан күні таңда, күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы басталады

19 ақпан күні таңда, күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы басталады.

Биылғы ораза  наурыздың 19-шы жұлдызына  дейін жалғасады. Айлардың сұлтаны саналатын бұл мезгіл рухани жаңару мен қайырымдылықтың айы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, биыл пітір садақа мөлшері 735 теңге болып бекітілді. Алматы облысында мерекеге орай бірқатар қайырымдылық шаралары жоспарланған. Қонаев қаласындағы орталық мешітте күн сайын 120 адамға ауызашар берілсе, өңір бойынша мешіттерде күнделікті 10 мыңнан астам адамға ауызашар ұйымдастырылады. Дін өкілдері кәсіпкерлерді азық-түлік бағасын тұрақты ұстап, жеңілдік жасауға шақырады. Қасиетті айда  мешіттерде тарауық намазы оқылады. Құран хатым жасалып, діни сауат ашу дәрістері өтеді.  

МАДИЯР ПІРІМҚҰЛОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ
Ораза ұстаушыға Алла тағала мен оның сыйын өзім берем дейді. Міне сондықтан ораза ұстаушыға ьерілетін сауаптың есесін, оның мөлшерін ешкім айта алмайды. Ал енді қасиетті Рамазан айында денсаулығына байланысты немесе қарттығына байланысты ораза ұстай алмайтын азаматтарымызға, пидия мөлшері бір күнге 4000 теңге. Сол пидия ретінде беретін болса, ораза ұстағанның Алла тағала оған сауабын береді.

Сондай-ақ оқыңыз: