Соңғы үш жылда Алматы облысында 44 жас маман мемлекеттік қызметшілер қатарына қосылды
Соңғы үш жылда Алматы облысында 44 жас маман мемлекеттік қызметшілер қатарына қосылды.
Барлығы жұмысқа конкурстық іріктеусіз қабылданды. Мұндай мүмкіндік орташа үлгерім көрсеткіші 3,33-тен төмен емес және диплом алғанына бір жылдан аспаған түлектерге беріледі. Бұл норма Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында қарастырылған. Заң бойынша грантта оқыған түлектер диплом алған соң бір жыл ішінде «Б» корпусының кейбір лауазымдарына конкурссыз орналаса алады. Бұл бағдарлама жас мамандардың кәсіби дамуына жол ашып, мемлекеттік қызметке құзыретті кадрларды тартудың тиімді тетігі саналады. Жас маман Елнұр Бақытова былтыр Қазақстан – Ресей медициналық университетін «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша үздік тәмамдады. Сөйтіп Еңбекшіқазақ аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметіне жұмысқа орналасты.
ЕЛНҰР БАҚЫТОВА
ЖАС МАМАН
ҚР мемлекеттік қызмет істері департаменті арқылы әлеуметтік желіден осы бағдарлама туралы білдім. Жалпы gpa баллдық көрсеткішім стандартқа, яғни талапқа сай болғандықтан, мен мемлекеттік қызметке конкурстан тыс тағайындалған болатынмын.