Алматы облысында орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жаңартылды
Алматы облысында орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Өңірдегі орман қорғау қызметіне заманауи арнайы техникалар табысталды. Арнайы техника тілсіз жаудың алдын алып, орманды өрттен қорғау жұмысын күшейтеді.
Жаңа техникалар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырма мен Үкімет хаттамасына сәйкес алынған. Соңғы жылдары облыста орман өрттерінің аумағы 14 пайызға азайды. Мамандар бұл-алдын алу шараларының күшеюі мен техникалық жаңғыртудың нәтижесі екенін айтады. Бүгінгі таңда орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық қамтылу деңгейі 90 пайыздан асты.
ҚАНАТ НҮСІПБАЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Маңыздылығы өте зор, мысалы тракторларды айтатын болсақ бұл өртке қарсы жолақтарды жасағанға өте қажет. Өрт болған жағдайда артына су тіркемелерін тіркеп алып, өртке прямой қатысады. Бұл көліктердің ішінде 500 литрлік өзінің бөшкелері бар, сол бөшкелері автоматизированный помполармен байланыстырылған. Сол помполар арқылы бұл алғашқы өрт шыға қалған кезде, көп аумаққа жайылмай тұрған кезде оперативно барып өшіруге өте ыңғайлы.
Қарадала орман шаруашылығы да қажетті техникамен толықты. «Алыс аймақта оқыс оқиға бола қалса, төтенше әрекет етуімізге зор көмек» дейді мамандар.
ДАСТАН САҒЫМБАЕВ
ҚАРАДАЛА ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕКЕМЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Бүгін облыс әкімінің қолдауымен бізге керемет техникалар беріп жатыр. Бұрын соңды болмаған. Ол кісіге үлкен алғыс білдіреміз. Және де біздің Қарадала орман шаруашылығына 2 трактор берілді және жеңіл өрт сөндіру техникасы берілді. Бұл енді бізге өте ыңғайлы, өрт сөндіруге, қуыс-қуыс жерлерге кіргенге жеңілдеу. Өте жақсы.
Орман шаруашылығы мекемелеріне 11 трактор және 8 шағын өрт сөндіру кешені табысталды. Жаңа техникалар өрт ошақтарына жедел жетіп, оны бастапқы кезеңде сөндіруге мүмкіндік береді. Ал, тракторлар минералды жолақтар жүргізу арқылы өрттің таралуына тосқауыл қояды. Мамандар бұл техникалар жазғы маусымда қауіпсіздікті арттыруға ықпал ететінін айтады.
Жаңа техника орманшылардың жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, өңірдің жасыл желегін сақтауға үлкен үлес қоспақ. Табиғатты қорғауға арналған мұндай қолдау алдағы уақытта да жалғасын табады.