Конституциялық реформа – қоғам дамуының айқын көрінісі

Конституциялық реформа – қоғам дамуының айқын көрінісі.

Алматы облысында жалпыұлттық референдум алдындағы үгіт-насихат науқаны қарқынды жүргізіліп жатыр. Мәселен, Қарасай ауданындық коалиция құрамына  қоғамдық бірлестіктер, мәслихат пен саяси партиялардан  43 адам кірді. Олар  түрлі мекемелер мен кәсіпорындарды аралап Конституцияның жаңа жобасына қатысты туындаған сұрақтарға жауап беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. «Бұл - еліміздің даму жолындағы бірлік пен тұтастықты нығайта түсетін ортақ міндет» дейді жауаптылар.  

ҚАНЫБЕК АЙТЖАНОВ
ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯНЫҢ ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ ЖЕТЕКШІСІ
«Халықтың күтетіні бізге конституция бізге не береді деген сұрақ ғой. Осы бойынша біз қысқаша тоқталып, түсіндірме жұмыстарын айтып кетеміз. Үйткені бұл нағыз халықтық конституция. Бұл еліміздің болашағына үлкен жол ашатын конституция.   Бұл біздің өтпелі кезеңнен өтіп, аяғынан нық тұрған мемлекетіміздің одан ары жол ашады деп біз түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз. + Бұл жерде мақсатымыз бірақ нәрсе. Ол осы елдің босағасының беріктігі. Нық қадам жасап, дамуы»

Сондай-ақ оқыңыз: