Жас робототехниктер жетістігі
Жамбыл ауданының талапты оқушылары Италия астанасы Рим қаласында өткен «Fibonacci International Robot Olympiада» әлемдік жарысында ел намысын абыроймен қорғады. Әлемнің 28 мемлекетінен 2 мыңнан астам жас талант бақ сынаған бәсекеде біздің команда үшінші орын алды.
Халықаралық жарыста қатысушылар робот құрастыру, бағдарламалау, инженерлік шешім ұсыну және инновациялық жобаларды қорғау бойынша сынға түсті. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Тоғызыншы сынып оқушысы Әбуқали өзінен жасы үлкен қарсыластармен бақ сынасты. Бүған дейін ол Еуразия чемпионы атанып,Түркияда өткен халықаралық додаға да қатысқан.
ӘБУҚАЛИ ҚАБЫЛБЕК
ОҚУШЫ
Италияның Рим қаласында өткен әлемдік чемпионатта студенттер арасынан үшінші орын алдым, осы роботпен. СКЛ. Мына роботтар полядан шығып кетпеу үшін бір-бірімен шайқасады. Минисумо. Сумодан бір роботты полядан шығарады. Өзімнің арманым өзімнің барып жүрген ғылыми техникамды дамытып, болашақта робототехника маманы болып, Қазақстанды әлемге таныту мақсатым.
Команданың жетістігі - жетекшінің жүйелі еңбегінің нәтижесі. Информатика пәнінің мұғалімі оқушыларды бір жыл бойы робот құрастырудың қыр-сырына баулып келеді. Оның айтуынша, халықаралық аренада бақ сынау әр баланың тәжірибесін шыңдайды.
КЕНЖЕХАН ЖАМАЙҰЛЫ
МҰҒАЛІМ
Енді үлкен мақсатымыз мысалы мына ауылдық балаларды әлемге шығарып, мынадай үлкен робототехника мектебін ашсақ деген. СКЛ. Дарынды балалар бар. Осы балаларды біз дамытып, білімімізбен бөліскіміз келеді. Бұл жерде айта кету керек, кейбір ата ананың жағдайы бар мысалы. Кейбір ата ананың жағдайы келмейді.
Оқушылардың білімге ұмтылып, роботехника үйірмесіне қатысуы жақсы үрдіс. Ауылда дарынды балалр көп. Солардың қабілетін ашуды мақсат еткен Кенжехан Жұмайұлы СТЕМ кабинетін кеңейткісі келеді.