Алматы облысында жер сілкінді
Бүгін өңірде жер сілкінісі тіркелді. Түсте болған дүмпу ошағы Есік қаласына жақын жерде орналасқан.
Ұлттық сейсмикалық орталықтың мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 4 баллдан асқан. Төтеншеліктердің хабарлауынша, дүмпу ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 74 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісін Алматы және Жетісу облысының тұрғындары сезді. Облыс аумағында дүмпі Түрген аймағында 4 балл болса, Ұйғыр, Кеген, Іле, Талғар аудандарында 3 балл. Ал басқа қала мен аудандарда 2 балл көлемінде тіркелді. Арнайы қызмет жағдайды бақылауда ұстап, тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.
АЙГЕРІМ ҚАНЫБЕКҚЫЗЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ, барлық тіршілік қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс жасайды. Қауырт желі іске қосылды. Жер сілкінісі ережесін қатаң сақтауға және ТЖ туындаған кезде 112 нөміріне хабарласыңыздар.