Беларусь елшісі Алматы облысына келді
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Богдановпен кездесті. {ЗКТ} Басқосуда Алматы мен Витебск облыстары арасындағы экономикалық байланысты нығайтудың «Жол картасы» талқыланды.
Құжат аясында ауыл шаруашылығы техникасын бірлесіп құрастыру, ет және сүт өнімдерін терең өңдеу мен өндірістер ашу мәселесі қаралды. Екі тарап тауар айналымын арттыру үшін кеден рәсімдерін жеңілдетіп, транзит жолдарын оңтайландырып, кәсіпкерлер арасындағы байланысты күшейтпек. Бұл бағытта Қазақстан мен Беларусия университеттері арасында ынтымақтастық бар. Сондай ақ жиында екі ел арасында ауыл шаруашылығы мамандарын дайындауда нақты жұмыс атқарылатыны айтылды. Болашақ мамандар заманауи технология бойынша білім алады. Сонымен қатар облыста жұмыс істеп тұрған 13 бірлескен кәсіпорынның қызметі және жаңа инвесторларды тарту мүмкіндіктері сөз болды. Өткен жылы Беларусь Республикасы мен Алматы облысы арасындағы тауар айналымы 34 миллион доллардан асқан.
ДМИТРИЙ ФИРСОВ
“ЗУБР АГРО” КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ (БЕЛАРУСЬ)
Беларусь елшілігінің қолдауымен біз екі елде бірлескен оқу бағдарламасын ұйымдастырдық. Бұл бағдарлама Сейфуллин атындағы университет пен Беларусь технологиялық академиясымен бірге жүргізіледі. Студенттер екі жылдан білім алады. Алдымен теорияны меңгереді, кейін Беларусьтегі ауылшаруашылық базаларында тәжірибе жинайды. Әзірге басты мамандықтар зоотехния, ветеринария, топырақты өңдеу. Бірақ жазға қарай басқа мамандықтар бойынша да келіссөздер жүргізіледі. Біз екі елден жалпы 120 студент оқытуды жоспарлап отырмыз»