«Адал азамат: ауыл мектебінің келешегі» тақырыбында республикалық семинар-тренинг өтті
Жасөспірімдердің гаджетке тәуелділігі, лудоманияны алдын алу және киберқауіпсіздік мәдениеті Түймебаев ауылындағы «Келешек» мектебінде талқыланды. Білікті ұстаздар мен мамандар тәжірибе алмасып, ауылдағы білім сапасын арттыру жолдарын талқылады.
Жоба Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен, «Ауыл» партиясының және өңір әкімдігінің бастамасымен жүзеге асырылды. Іс-шарада «Qazaq Digital Mektebi» жобасы жан-жақты талқыланып, оқу үдерісіне цифрлы технологиялар еңгізудің маңызы көтерілді. «Ауыл-аймақ халқы 1 миллион 200 мыңнан асатын Алматы облысы үшін ауыл мектептерінің білім сапасы әрқашан басты назарда болуы шарт»- дейді мамандар.
АҚМАРАЛ ӘТЕНБЕКОВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Бұл іс-шаралар біздің барлық өңірдегі әрбір аудан, қала бөлімдеріндегі педагогтерімізге мектеп басшыларына, ата-аналарымызға дәрістер ақу арқылы кеңінен ақпаратты жеткізу. Балалардың сапалы, қауіпсіз білім алуына осындай іс-шаралар ұйымдастырылады.
Кездесуде балалардың гаджетке тәуелділігі, лудоманияның алдын алу, оқу үдерісінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану тақырыптары талқыланды. Киберқауіпсіздік мәдениеті, ауыл мұғалімдері мен түлектерге арналған халықаралық бағдарламалар кеңінен таныстырылды. Сондай-ақ, цифрлы дәуірдегі бала тәрбиесінің жаңа үлгісі ұсынылды.
ӘЙГЕРІМ СӘРСЕНБАЕВА
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕСІ
Қала мен ауыл баласының білім алшақтығын жою. Олар заман талабына сай құралдарды меңгеруі керек. Ол мына жасанды интеллекті қолдану. Қазіргі ғасыр дерті әлеуметтік желідегі лудомания. Сонымен қатар кері әсер ететін ойындар бар. Осы әлеуметтік желіде жағдай жасау арқылы оқушылар мен мұғалімдерді қауіпсіздікке үйрету.
ҚУАНЫШ СЕЙІТЖАНОВ
«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қазіргі ақпараттық дәуірде білім деңгейіне еніп жатқан жаңашылдықтар өте көп. Одан бөлек ауыл мектептерінің шәкірттері мен мұғалімдеріне арналған халықаралық бағдарламалар. Шетелде қалай білімін жетілдіре алады ауыл мектебінің ұстаздары, не болмаса түлектер үшін қажетті гранттық бағдарламалар.
Әділетті қоғам негізі - интеллектуалды ұрпақ. Заманауи технологиялар мен ұлттық құндылықтар тоғысқан ауыл мектебінде білім сапасы да арта бермек» дейді ұйымдастырушылар.