Жаңа Конституцияны қолдайтын облыстық белсенді топ өңірлердегі үгіт нәсихат жұмысын бастап кетті
Жаңа Конституцияны қолдайтын облыстық белсенді топ өңірлердегі үгіт нәсихат жұмысын бастап кетті. Олар әуелі, Іле ауданында орналасқан «БТК Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне аялдады. Өңірдегі ең ірі және стратегиялық маңызды кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті.
Комиссия мүшелерінің жан-жақты талқылауынан кейін ата заңның 77 бабына түзетулермен толықтырулар енетін болды. Бұл жалпы заңнамалық құжаттың 84 пайызын қамтиды деген сөз. Конституциялық комиссияның мүшесі, референдумды қолдайтын өңірлік коалицияның жетекшісі Қуат Байғожаевтың айтуынша, алдағы өзгерістер ел дамуындағы маңызды тарихи белес болмақ. Сондай-ақ азаматтар ұсынылып отырған жаңашылдықтардың мәні мен маңызын тереңнен түсінуі керек деді.
ҚУАТ БАЙҒОЖАЕВ
ӨҢІРЛІК КОАЛИЦИЯ ЖЕТЕКШІСІ
Біздің мемлекетіміздің облысымыздың өсіп өркендеуі үшін осындай үлкен өндіріс орындары негіз болып саналады. Сондықтан мемлекеттің байлығы осы халық болатын болса, сол халыққа жақсы заңдар керек. Азаматтармен осы мақсатта түсіндіру жұмысын өздерінің болашағы үшін осы жаңа ата заңымызға дауыс беру үшін кездесіп түсіндіру жұмыстарын жүргіздік.
Бұл күні зауыттың 100 ге жуық қызметкері ел өміріндегі елеулі оқиға саналатын - алдағы референдумды ортақ талқыға салды.
ӘРМЕН ӨМІРҒАЛИЕВ
ЖҰМЫСШЫ
Бізге барлық негізгі мәселелер бойынша жан-жақты түсіндіріліп, жан-жақты жауаптар берілді. Алда елеулі өзгерістер күтіп тұр. Біздің команда 15 наурызда өтетін референдумға қатысып, азаматтық ұстанымымызды көрсетуді жоспарлап отыр.
Халықтық референдумға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары облыс аумағында бір ай уақыт жүреді. Жалпы комиссияя құрамында 500 адам бар.