Қонаевта ҚазҰСУ мен спорт басқармасы ынтымақтастық туралы меморандум жасасты
Қонаев қаласында «Қазақ ұлттық спорт университеті» мен Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Құжат өңірдегі білім беру мен спорт саласының байланысын күшейтуге бағытталған. Меморандум спорт резервін даярлау және бірлескен білім беру, оқу-жаттығу, ғылыми-әдістемелік жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Сондай-ақ семинарлар мен тренингтер өткізу, бұқаралық спорттық іс-шаралар ұйымдастыру мен жастарды спортқа тарту жоспарланған. Бүгінде университетте дене шынықтыру мұғалімдерімен қатар реабилитолог, психолог, жаттықтырушылар мен ұлттық спорт түрлері бойынша мамандар даярланады.Тараптар енді білім беру бағдарламаларын бірлесе әзірлеуді көздеп отыр.
АҚЖҮРЕК ТАҢАТАРОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
..бізде қазір физкультура мамандығын оқып тек қана жаттықтырушы боп жатады. Болмаса мектепте мұғалім боп жатады. Ал бұл университетте оқып шыққан спортшыларымыз болашақта профессор, одан бөлек психология бар ол жерде, спортқа керекті диетолог дейді, Америкадағыдай спортқа керекті мамандардың барлығы бар. Сол себепті, бір тек қана жаттықтырушы болмаса мұғалім болу пәнін ғана таңдамайды, бұл жерде әр спортшы өзіне керекті мамандықты таңдап, сол мамандықпен болашақта жұмыс жасай алады.
ТҰРСЫНЗАДА ҚУАНҒАЛИЕВА
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ СПОРТ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ
Бұл меморандум бізге бірінші мақсатта еліміздің спорт саласына білікті мамандар даярлау, бірігіп даярлау, мына спорттық функционерлерді даярлауда білім беру бағдарламаларын бірінші мақсатта бізде, жұмыс берушімен бірге дайындаймыз, болашақ спорттық функционерлердің қандай болу қажет, моделін бірге қалыптастырамыз. Дуалды білім беру дейміз, яғни, болашақ жұмыс берушілермен бірге даярлаймыз. Және де мына қазіргі бар спорттық функционерлердің біліктілігін арттыру, одан әрі жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, магистратура, докторантура деңгейінде осындай мәселелерді көздейтін, осындай үлкен бір құжатқа қол қойып жатырмыз.