Өңірлік коалиция құрылды
Алматы облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының өңірлік құрамы жасақталды.
Оның қатарына 300-ден астам адам енді{. ВИДЕО: }Қатысушылар арасында жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері, партия және қоғамдық ұйым мүшелері, құқық пен саясат саласының сарапшылары, журналистер, кәсіподақ және жастар ұйымдарының белсенділері бар. Өңірлік коалиция жетекшісі Қуат Байғожаевтың айтуынша, негізгі мақсат -тұрғындарға конституциялық өзгерістердің мәні мен маңызын түсіндіріп, реформаларды қолдауға бағытталған іс-шаралар өткізу. Алдағы уақытта өңірлік коалиция облыста ақпараттық-түсіндіру кездесулері мен қоғамдық талқылаулар ұйымдастырады. Жаңа Конституция бойынша республикалық референдум 15 наурыз күні өтеді.
ҚУАТ БАЙҒОЖАЕВ
ӨҢІРЛІК КОАЛИЦИЯ ЖЕТЕКШІСІ
Штабтың мүшесі облыста 162 адам, бүкіл біздің жұмыс жоспарларымыздың бәрі жасалған, үгіт-насихатпен айналысатын түсіндірме жұмыстары толыққанды біздің штаб мүшелеріне, одан кейін аудандық штаб мүшелеріне үлестірмелі құралдарымыздың бәрін беріп, ертеңнен бастап уже халықтың алдында үлкен-үлкен мекемелерге барып, осы жаңадан жазылған жобамызды ата заңымыздың түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, 15 наурызда халықты бірауыздан өзінің болашағына дауыс беруге шақырамыз.