Газ қауіпсіздігі тексерілді

Қонаев қаласында газ қауіпсіздігіне қатысты оқыс оқиғалар жиілеп отыр. Бір айдың өзінде газ-ауа қоспасының жарылуының төрт дерегі тіркелді. Оның үшеуі жеке тұрғын үйлерде, біреуі көпқабатты пәтерде болған. Қауіптің алдын алып, жағдайды бақылауда ұстау мақсатында арнайы комиссия рейдттік іс шара өткізуде.

Қаңтар айында Қонаев қаласының көпқабатты пәтерінде газ-ауа қоспасының жарылысы болып, салдарынан екі адам зардап шекті. Тексерісте  анықталғандай, бұл үйдегі бірнеше пәтер газ жүйесіне қосылмаған. Комиссияның негізгі мақсаты – дәл осындай қауіпті жағдайлардың алдын алу.

ДАРХАН БАТЫРША
ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
Жалпы бұл рейдтік шаралар бізде жыл сайын жүргізілуде. Біз жыл сайын тоқсанда кемінде бір реттен ТЖБ және де осы Қонаев қаласының әкімдігімен рейдтік шаралар жүргіземіз. Қазіргі таңда осы 2026 жылы газ-ауа қоспасының жиі жарылуына байланысты қазіргі таңда төрт жағдай орын алды, сол себепті күшейтіліп жұмыс істеп жатырмыз.

Қонаев қаласында қазіргі таңда 7300 ге жуық тұтынушы газ желісіне қосылған. Оның 930-ы – жеке тұрғын үйлер. Қала бойынша газбен қамту көрсеткіші – 48 пайыз. Қонаевты дамытудың кешенді жоспарына сәйкес жаңа шағынаудандарда газдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандардың айтуынша оқыс оқиға негізінен өрт-қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болады. 

 СЕРГЕЙ ГОЛОВКОВ
«ҚАПШАҒАЙ ГАЗ ЖЕЛІЛЕРІ» ЖШС ӨКІЛІ
Табиғи газды қолданғанда қауіпсіздік ережелерін сақтау өте маңызды. Ақаулы газ құрылғыларын пайдалануға болмайды. Газ қосулы кезде бөлмені міндетті түрде желдетіп, терезенің желдеткішін ашып қою қажет. Сонымен қатар газ плитасын өз бетінше қосуға немесе жөндеуге қатаң тыйым салынады

Ал, тұрмыс жағдайында көгілдір отын қауіпсіздігі ең алдымен пайдаланушының жауапкершілігіне байланысты 

Профилактикалық түсіндіру шарасында ескерту алған азаматтар табиғи газ жүйесін жалғанып, немесе электр плитасын қоспаса заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Осындай жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 306-бабына сәйкес айыппұл салынады.

Қаладағы  Спутник, Арна және Рауан шағынаудандарында газдандыру жобасы жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары  жүріп жатыр. Жоспар бойынша бұл жұмыс биыл қыркүйек айында аяқталуы тиіс. 

Сондай-ақ оқыңыз: