Қонаев қаласында «Домалақ ана» әйелдердің саяси көшбасшылық мектебі ашылды
Қонаев қаласында «Домалақ ана» әйелдердің саяси көшбасшылық мектебі ашылды. Жоба «Аманат» партиясының Алматы облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының бастамасымен жүзеге асты. Мақсат -өңірдегі әйелдердің бастамаларын қолдау, көшбасшылық қабілетін арттырып, қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беру.
Кездесу әр салада еңбек етіп жүрген белсенді әйелдердің басын қосты. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бүгінде Алматы облысында «Аманат» партиясының 57 мыңнан астам мүшесі бар. Оның 76 пайызы -әйелдер. Сонымен қатар 48 әйел түрлі деңгейдегі депутат болса, біреуі аудан әкімі, жетеуі ауылдық округті басқарып отыр.
МЕРУЕРТ МОЛДАШЕВА
«АМАНАТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ
Біз жастармен де жұмыс жасаймыз, алға қойған қазіргі осы биылғы 2027 жылға отбасы құндылықтарын, циырлық қоғамды, одан кейін өзіміздің мәдениетті қалыптастыру бағытында жаңа жобаларды қолға алып отырмыз. Оның барлығы осы «Домалақ ана» мектебінде қыздарымызды, жастарды оқытып, біліктілігін көрсететін боламыз
Жиында қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысып жүрген бірқатар әйелдер марапатталды. Сондай-ақ партия қатарына жаңа мүшелер қабылданды.
РАДА ТРЫКАЛЮК
«АЛЬЯНС УСПЕХА» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ БАСШЫСЫ
Ең бастысы, бізде диалог бар. Мұнда адамдар өз тақырыптарын ұсынып, жұмыс платформасын құра алады. Қазіргі таңда көптеген жобалар бар, оларды іске асыру маңызды. Осыған байланысты әйелдер қауымдастығы аясында арнайы кеңес өткізіп, бұл идеяларды жүзеге асыра бастаймыз
«Домалақ ана» мектебі пленарлық отырыстар, панельдік талқылаулар мен тренингтер форматында өтеді. Қатысушылар тәжірибе алмасып, басқарушылық дағдыларын жетілдірмек.