Іле ауданында балалардық құқықтық ахуалы сарапталды

Жыл басынан бері Іле ауданында кәмелет жасына толмағандарға қатысты 8 қылмыстық дерек тіркелген. Бұл көрсеткіштің артуы қоғамды алаңдатпай қоймайды. Осыған байланысты аудан әкімдігінде ведомствоаралық жиын өтті. Басқосуда тиісті мекеме өкілдері құқықбұзушылықтың себеп-салдарын саралап, оның алдын алу тетіктерін талқылады.

Жиында кәмелет жасына толмағандардың құқығын  қорғау мәселесі кеңінен талқыланды. Прокурлардың айтуынша өңірде бала құқығына қол сұғатындар айылын жимай тұр. Бұл санатта өткен жылы 39 қылмыстық дерек анықталса, биыл бір ай ішінде 9 факті тіркеліп отыр.

АЛМАС АЛМАБАЕВ
ІЛЕ АУДАНЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың жыныстық тиспеушілігіне қарсы 2025 жылы 12 заң бұзушылық тіркелсе, 2026 жылы бір айында 8 қылмыстық дерек тіркелді. Әсіресе 2026 жылы мұндай қылмыс санының бір ай ішінде тіркелуі және оның аса ауыр қылмыстар санатына жатуы жағдайдың айтарлықтай күрделі екенін көрсетеді.»

Бүгінгі таңда қарапайым жол қауіпсіздігі балалар үшін баса назар аударантын маңызды түйткілге айналды. Ауданда өткен жылы 630 жол-көлік апаты тіркеліп, 43 адам мерт болған. Оның үшеуі бала. Ал 900 ге жуық азамат түрлі дене жарақатын алса, оның 220 сы кәмелет жасына толмағандар. Мұндай қайғылы жағдай жеткіншіктердің жол ережесін жете білмеуі сондай ақ жол сапасының тым нашарлығы салдарынан да туындайды дейді полция өкілдері.  

ЕРТІС ТОҚТАРОВ 
ІЛЕ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ  
«Авто жолдарда жол төселімдерінің ескіруі, ойлы шұңқырлы жерлердің уақтылы қалыпқа келмеуі, проблемалы автол учаскелерінде жарықтандыру жүйелерінің жоқтығы, автожолда жаяу жүргіншілерге қатысты жол белгілерінің өшу фактілері себеп болуда»

Сондай ақ жасөспірімдер арасында  интернет алаяқтыққа ұрыну, «әлімжеттілік», ақша бопсалау сынды қылмыстық әрекеттердің жай күйі туралы да кеңінен айтылды. Сондықтан оқушылардың тәртібі мен қауіпсіздігі қатаң бақылауда болуы тиіс. 

ҚАЛАМҚАС СӘРСЕНБАЕВА 
ІЛЕ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ 
«Бізде полицияда есепте тұрған оқушы жоқ. Мектепшілік есепте 43 оқушы тұр. Ол оқушылармен тиісті жұмыстар жүргізілуде. Біз бірінші кезекте бос уақтын тиімді пайдалануын қадағалаймыз. Мектепшілік үйірмелермен секциярға қатыстырамыз»

Жалпы Іле ауданы бойынша 43 мемлкекеттік мектеп бар. Онда 63 мыңға жуық бала тәлім алады. Ал кезекті отырыс президент жүктеген «Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілету тұжырымдасы аясында ұйымдастырылды. 

Сондай-ақ оқыңыз: