Алматы облысында газдандыру жұмыстары жаңа кезеңге қадам басты
Алматы облысында газдандыру жұмыстары жаңа кезеңге қадам басты.
Биыл өңір үшін аса маңызды «Шелек - Кеген - Нарынқол» магистральдық газ құбыры жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Ұзындығы шамамен 238 шақырымдық ірі инфрақұрылымдық жоба 2029 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Ол үшін Үкіметтен 39 млрд. теңге қаржы қарастырылған. Магистральді құбыр тартылған кезде оның бойындағы бірқатар ауылдар да газ желісіне қосылмақ. Жалпы бүгінде облыста 169 елді мекенге көгілдір отын жетті. Алдағы уақытта тағы 27 ауылды газдандыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар жеке инвесторлардың үлесі нәтижесінде 2027 жылы газдандырылған елді мекен санын 240 қа жеткізу көзделіп отыр.
АЗАМАТ ЖҰМАДІЛОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
«Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін жобаны толыққанды қаржыландыру мәселесі шешіледі. Аталған жоба іске асқан кезде Кеген және Райымбек аудандарының 50 мыңнан астам тұрғыны сапалы газбен қамтылып, өңірдің энергетикалық қауіпсіздігіне және де Кеген Нарынқол аудандарының туристтік қабілетін ескере отырып газ тарату ол жаққа өте бір тиімді және де экономикалық маңыздылығын арттырады өңірлердің»