Президент арнайы жасақ өкілдерін жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы  Дубайда өткен терроризмге қарсы бөлімшелер арасындағы халықаралық жарыста үздік нәтиже көрсеткен  қазақстандық командаларды құттықтады.

Беделді турнирде «Kazakhstan C» командасы абсолютті жеңімпаз атанса, «Kazakhstan A» командасы жалпы есепте екінші орыннан көрінді. Ұлттық құрама Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен жасақталды. Қасым-Жомарт Тоқаев құрамының кәсіби және  жауынгерлік даярлығы мен  отаншыл рухы жоғары деңгейде екенін ерекше атап өтіп, сарбаздардың жеңіске деген ерік-жігерін жоғары бағалады. Сондай-ақ, 48 елден 109 команда қатысқан жарыста лайықты өнер көрсеткен арнайы жасақ жауынгерлеріне тиісті құрмет көрсетілетінін айтты.

Сондай-ақ оқыңыз: