Талғар ауданы, Бесағаш ауылының жолдары батпаққа батты

Ірі қаланың іргесінде отырып белшеден батпақ кешіп, дүкенге шығудан қалдық. Көліктеріміз күнде сынып, тіпті көшеде жүре алмайды , - дейді Талғар ауданы Бесағаш ауылының тұрғындары. Ол аздай, 2 жыл бұрын басталған  ауыз су құбырын тарту  жұмысы әлі күнге дейін бітпеген. Ал құрылыс компаниясының басшылығы болса жұмыс тек наурыз айында аяқталады деп сендірді. 

СӘКЕН ЖҮНІСОВ 
БЕСАҒАШ  АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ 
«Есіктің алды да көше де балшық. Үйге кіріп кетті. Мына жерде көшемізді қазып тастады. Ішіне үлкен кісі де бала да ит те түсіп кетсе қауіпті. Кім жауап береді.»

Жалпы ұзындығы бір шақырымға жуықтайтын Байтұрсынов көшесі тұрғындарының шағымы осындай. Даудың басы ескі су құбырын қайта жаңғыртудан басталған. 


ҚҰРМАНЖАН ҚАСЫМЖАНҰЛЫ
ТІЛШІ
«Тұрғындардың айтуынша 2024 жылдың соңында басталған су құбырын жаңғырту жұмыстары 2025 жылдың соңында аяқталуы тиіс болған. Алайда міне Байтұрсынов көшесін көріп отырсыздар. Күні бүгінге дейін астаң-кестеңі шығып жатыр. Тіпті үлкен көшенің бойында мынадай үлкен шұңқырлар жатыр. Үйіне кірмек болған жүргізушілер өте алмайды. Сондықтан басқа көшелерді айналып келуге мәжбүр.»

Үлкендер батпаққа белшеден батқанда кішкене балалар жығылып сүрініп мектепке қалай жетсін. Сондықтан көбіміз такси жалдап бала тасымалдаймыз. Оның өзі зорға кіреді. Көктем жақындап жер жібісе, немесе тамшылап жаңбыр жауса көшеміз үйрек ұшып қаз қонардай көлшікке айналады. Енді мердігер жұмысын тез аяқтап, жолымызды асфальттеп берсе дейді тұрғындар

ГҮЛЖАН САЙЛЫБАЕВА  
БЕСАҒАШ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ 
«Су жүргізген құбырларды соңына дейін аяқтасын, жолымызды жөндеп берсін. Мынандай балшықта біз тұра алмаймыз. Жұмыстан келе жатқанда машина мына жолмен жүре алмайды. Айналып келуге тура келеді. Сол қазір осындай балшықтың үстінде тұрмыз.»             

ГҮЛМИРА СҮЛЕЙМЕНОВА   
БЕСАҒАШ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ 
«Мәне мына машинаны жаңа ғана жасап шықтым. Жолдың ойлы шұқырымен жүру мүмкін емес. бізді қойшы балалар мектепке барып келе алмай жатыр»

Мердігердің айтуынша құрлыстың аяқталу мерзімі 2025 жылдың соңы емес, осы жылдың наурыз айы. Олар екі жылдан бері 30 шақырымдық су құбырын жаңғыртқан. Ал шұрық тесік көшенің сиқына қарамастан жұмыс 99 пайызға аяқталды деп отыр.

МАРАТ СҮЛЕНБАЕВ
МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ ӨКІЛІ
«Қазір 95 пашти 99 пайыз жұмыс бітіп тұр. Наурызға толықтай үлгереміз. Кестеден кешеуілдемейміз. Қазір ақ тас құмдарын түсеп жолды қалпына келтіріп береміз.»

Аудан жауаптылары «Құрылыс шартына сай бұрын асфальт төселмеген көшелер сол қалпы қалады. Тек жолға қиыршық тас төсеп береміз» деді. 

БАУЫРЖАН ҚАШҚЫНБАЕВ  
ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ 
«Бұл Байтұрсынов көшесінде де қазылған асфалт пен кесілген тұрбалардың орны ғана қайта қалпына келтіріледі. Жалпы көшеге асфлт қарастырылмаған. Тек қалпына келтіру жұмыстары жүреді. Оны біз қадағалаймыз.»

Ал әкімдік өкілдері  алғашқы кезең жұмысы аяқталып жаңа ауызсу құбыры іске қосылса, келесі кезеңде елді-мекен көшелерін толықтай асфалттауға  жобалық құжаттама әзірлейміз деді. 

Сондай-ақ оқыңыз: