Кеген ауданында екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Қадыр Сәулеевтің есімі құрметпен ардақталды
Кеген ауданы, Алғабас ауылында екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Қадір Сәулеевтің есімі ардақталды.
Ауылдағы көшеге майдангердің аты берілді. Бұл – батырға деген тағзым мен тарихи әділдіктің, елдіктің айқын белгісі. Ол 1940 жылы майданға аттанып, Украинадан Германияға дейінгі жауынгерлік жолдан өткен. Кейін аға сержант шенінде 1946 жылы елге оралып, ауданның ауылшаруашылығын дамытуға сүбелі үлес қосып, өнегелі ғұмыр кешті. «Елдің жадында мәңгі қалатын бұл есім – туған жерге адалдықтың үлгісі» дейді аудан азаматтары.
ЖОЛШЫ ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ
ҰОС АРДАГЕРІ Қ.СӘУЛЕЕВТІҢ ТУЫСЫ
«Бүгін міне Алғабас ауылында үлкен қуаныш. Осы ауылға үлкен еңбегі сіңген Қадыр атамыздың атынан үлкен көше беріліп, сол қуанышты ауыл тұрғындары бөлісіп жатыр. Бұл көптен күткен қуанышы еді. Ұрпақтар үшін бізге Қадыр атамыздың еңбегі үлкен өнеге, осындай қуаныштар көбейе берсін.»