Жыл басынан бері Райымбек ауданында жастар арасында құқық бұзушылық деректері тіркелген жоқ
«Жыл басынан бері Райымбек ауданында жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыс жасау деректері тіркелген жоқ. Бұл жақсы үрдіс» дейді аудандық прокуратура өкілдері.
«Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде атқарылған жұмыстың нәтижесі қуантады. Дегенмен, жастар әдебі мен тәрбиесі қатаң бақыланады. Жастармен кездескен құқық қорғаушылар заңды құрметтеуді, қоғамдағы тәртіп пен әділдіктің маңызын түсіндірді. Кездесуде әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар мектеп оқушыларын білім алып, жаман әдеттен аулақ болуға шақырды.
РЫСКЕЛДІ ҚАЛДЫБЕКҰЛЫ
ПРОКУРОР
- Заң мен тәртіп тұжырымдамасының аясында күрделі жұмыстар жүргізілуде. Аудан прокуратурасы және басқа да өкілетті органдармен осы шараға бағытталған, тұжырымдамаға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылуда.