Президентке Конституцияның қорытынды жобасы ұсынылды

Конституциялық комиссия Мемлекет басшысына жаңа Конституцияның қорытынды жобасын ұсынды. Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Эльвира Әзімованы, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Ержан Жиенбаевты қабылдады.

Мемлекет басшысына Комиссияның жаңа Конституция жобасы бойынша атқарған жұмысы баяндалды. Эльвира Әзімова Ата-заңның жаңа  жобасын жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынатынын жеткізді. Мемлекет басшысы комиссияның өте ауқымды әрі маңызды жұмыс атқарғанын айтып, мемлекеттік құжат жөніндегі ауқымды іс «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай келетінін атап өтті. 
Бұған дейін Ата заңның 77 бабына өзгеріс енгізілді. Президент 2026 жылдың 15-ші наурызында жаңа конституция жобасы бойынша  жалпыхалықтық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды. 

Сондай-ақ оқыңыз: