Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.

Жиынға Премьер-Министр Олжас Бектенов, Үкімет мүшелері, Ұлттық банк төрағасы, облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың жетекшілері қатысты. Мемлекет басшысы Үкімет жұмысының басты бағыттарын айқындады. Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы әртараптандыру мәселесіне ерекше тоқталды. Ол инфрақұрылымды дамыту ісін жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар цифрлық технологияларды барлық салаға жан-жақты енгізу міндеті қойылды. Президент энергетиканы дамыту және ядролық кластер құрудың маңызын ескертті. Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыру да басты басымдықтардың бірі ретінде белгіленді.Бұдан бөлек, әлеуметтік қолдау жүйесін реттеу, денсаулық сақтау, білім беру және ғылым салаларын одан әрі дамыту жөніндегі нақты міндеттер мен жоспарлар айтылды. Президенттің пікірінше, алға қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін тұтас мемлекеттік аппарат тиімді жұмыс істеуі керек.

Сондай-ақ оқыңыз: