Алматы облысы алдағы көктемгі егіс науқанына толық дайын
Алматы облысы алдағы көктемгі егіс науқанына толық дайын.
Бұл туралы өңірдің ауыл шаруашылығы басқармасы мәлімдеді. Биыл облыс аумағында 436 мың гектар жерге түрлі дақыл егіледі. Оның 52 пайызы суармалы алқап. Жүгері, майлы дақылдар, көкөніс пен картоп егістігі артып, ал күріш көлемі қысқармақ. Сондай ақ сала мамандары су үнемдеу технологияларына ерекше көңіл бөлінетінін айтты. 90 мың гектардан астам алқапта су үнемдеу әдістері қолданылады. Осы мақсатқа 23 млрд.қа жуық теңге субсидия қарастырылған. Көктемгі дала жұмыстарына қажетті тұқым, тыңайтқыш пен жанармай қоры да дайын. Егіс науқанына 8 мыңға жуық техника жұмылдыру жоспарланған.
ЕРКІНБЕК ДӘУІТҚҰЛОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛШАРУШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Биылғы енді мына көктемгі дала жұмыстарына біз өЗімізді 100 пайызға дайынбыз десек ол қателеспеймін. Дизтопливо жағына келетін болсақ биылдың өзі уже 6,9 мың тоннаға өтінім қабылданып қойды уже. Оның 5,4 мың тоннасы көктемгі дала дұмыстарын 1,5 мың тоннасы күзгі дала жұмыстарына. Сондықтан біз барлық жағынан дайынбыз деп айтсам болады»