Іле ауданындағы М. Түймебаев ауылында тұрғындар үшін маңызды жоба жүзеге асты

Іле ауданындағы М. Түймебаев ауылында тұрғындар үшін маңызды жоба жүзеге асты. Елді мекендегі 1000-нан астам үй орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылды. Тұрғындар тұрмысын жақсартуға арналған жобаның жалпы құны 1,5 млрд теңге. Сонымен бірге ауданда екі емдеу мекемесі салынды.

Жаңа су жүйесі іске қосылғалы ауыл тұрғындары  сапалы ауызсуға қол жеткізді. Құбыр тарту жұмысы былтыр күзде толық аяқталды. Болашақта ауылда халық саны артқан жағдайда да орталықтандырылған жүйе абонентерді сумен қамтамасыз ете алады.


ҒАЗИЗ ЕСПАЙ
ІЛЕ АУДАНДЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
« Бұл жерде 500 кубтан екі резервуар берілген. 2 скважина көрсетілген, 220 метрден артезиандық су шығып лаборотория салынған. Барлығы сәйкес нормаға. Насос второго подъема қосылып қазіргі таңда мыңнан аса үйге, 4000-нан аса халық тұрады, барлығын ауызсумен қамтамасыз етіп отырмыз »

Бұған қоса ауданда медициналық инфрақұрылымды дамыту жұмысы атқарып келеді. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында Ащыбұлақ ауылдық округінде екі дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды. Оның бірі - «Береке» саяжайында орналасқан. Нысан пайдалануға берілгенде 20-ға жуық адамды жұмыспен қамтып, үш учаскелік дәрігер жұмыс істейді деп жоспарланған. Амбулатория 5 мыңға жуық тұрғынға медициналық қызмет көрсетпек.

АЛЬФИРА ИСМАИЛОВА
ДӘРІГЕР
«Негізі бұл амбулотория салынғаннан кейін көптеген саяжайларға қолжетімді, себебі, Береке амбулоториясы осы жердегі Береке саяжайына, сонымен бірге Күншуақ саяжайларына өте жақын орналасқан. Халыққа тез арада мед.көмек көрсету қолжетімді болып табылады. Сонымен бірге бұл амбулотория халыққа заманауи, яғни медициналық құрал жабдықтармен толық қамтамасыз етілген және жоғары дәрежеде мед.көмек көрсетеміз деп ойлаймыз»

Көкқайнар ауылында салынған екінші дәрігерлік амбулатория да тәулігіне 40 адамды қабылдай алады. Нысан осы айдың аяғында ел игілініне берілмек.   

Сондай-ақ оқыңыз: