Спорт: Райымбек ауданында көкпар
Сонымен бірге Қарасаз ауылында қазақ руханиятының заңғар биігі – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған дәстүрлі көкпар жарысы өтті. Жыл сайын ел асыға күтетін дүбірлі дода бұл жолы да ұлттық рухты асқақтатты. Додаға Алматы облысымен қатар, Жамбыл облысынан келген білекті де жүректі көкпаршылар қатысып, нағыз ердің күшін, аттың жүйріктігін сынады. Көкпардың көрігін қыздырған тартысты бәсекеде әрбір сәт көрерменді ерекше әсерге бөледі.Жарыстың ең басты олжасы – бас жүлдеге тігілген екі автокөлік болды. Тартысты дода нәтижесінде қос темір тұлпар Қарасай ауданының жас та болса қайсар шабандозы Айбар Тоқтанай мен Кеген ауданының көкпаршысы Жасұлан Ахметке бұйырды. Көрермен көңілінен шыққан, мазмұны мен мағынасы терең дүбірлі дода жоғары деңгейде өтті.
ЕРЖАН НҰРШАТ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ КӨКПАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
- Ақиық ақын Мұқағали атамыздың әр жылы осындай тойын Райымбек ауданының азаматтары ұйымдастырып, жасап отыр. Әр жылы жасайды. Тойларыңыз құтты болсын! Жылдан-жылға осы дәстүріңіз жалғасып, ұлттық спортымыз, ұлттық дәстүріміз дами берсін. Жастарымыздың ұлттық спортына, тарихына, тіліне деген сүйіспеншілігі, құрметі арта берсін. Қазақ елі жасай беріңіздер.