Жамбыл ауданында физика пәнінің мұғалімі Б.Дәулешияр протез бен ұшқышсыз ұшақ жасайды
Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылындағы орта мектепте физика пәнінің мұғалімі оқушыларды робототехникаға баулып жүр. Сондай ақ ол мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған протез жасап, «Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық байқауынан грант жеңіп алған. Ұтқан қаражатқа мектептен робототехника кабинетін ашып, білгенін балаларға үйретіп жүр. Қазір ұстаз оқушыларымен бірге ұшқышсыз ұшақ жобасын қолға алды.
Ойын баласы Мирас екі жасында ауыр оқиғаға тап болды. Еттартқышқа қолын салып, төрт саусағынан айырылған. Дәрігерлер қолдан келген көмекті көрсеткенімен, бала біраз уақыт қиналды. Мирас төртінші сыныпқа келгенде, физика пәнінің мұғалімі Бақытәлі Дәулешияр оқушыларымен бірігіп, оған арнайы протез жасап береді. Қазір Мирас он үш жаста. Протездің көмегімен тхэквандомен айналысып жүр.
ЕРАСЫЛ ЖАҚСЫЛЫҚ
ОҚУШЫ
- Біз бұл протезді жасау мақсатымыз - қолы жоқ, не саусағы жоқ жандарға көмегін тигізу мақсатында жасалған. Бұл жобамен саусағын игере алмайтын адамдарға саусағын игеруге көмектестік. Өзінің қолын, ұстап сезінуге көмектестік.,Бізде бұл қол былай-былай қимылдай алады. Ал мынау арқылы біз адамның қолына жалғай аламыз. СКЛ. Біз бұл жобаны белгілі бір мақсатта жасаған жоқпыз. Иә, эксперимент ретінде. Аяғы жоқ адамдарға көмектесе аламыз. Егер ол тізеден жоқ болатын болса, сол жерге өлшемін қойып көре аламыз.
Бақытәлі Дәулешиярдың шәкірттері осал емес. Балалар қоғамға қажет дүниелерді жасап жүр. Олар зағип жандарға бағыт көрсететін таяқ, мектеп қоңырауы мен оятқыш, тіпті қоқысты сұрыптайтын роботқа дейін құрастырып шыққан. Әр жоба бала ізденісінің, ұстаз еңбегінің нәтижесі. Енді ауыл ұстазын ерекше ықыласпен ұшқышсыз ұшақты жасауға кірісті.
БАҚЫТӘЛІ ДӘУЛЕШИЯР
ҰСТАЗ
- Бұны ойлап жүргеніме жалпы үш жыл болды. Қазір ғана іске асырып жатырмын. Жалпы өзім ұшу жағына қарай қызығамын. Дронмен айналысып жүргеніме біраз болды. Идея маған қазрігі кезде мына Түркияның байрагы бар ғой. Олар орнынан ғана ұша алмайды. Олар белгілі бір жылдамдықпен ғана ұшады. Сол бір ойыма келді да. Жалпы оны орнынан ұшыруға болады ғой. Неге олай жасамасқа деген идеямен осы жобамды бастадым. СКЛ. Негізгі мақсатым - қазақтан Илон Маск шығару. Соның бастамасын жасау. Жалпы ауылда бізде роботехника қалаға қарағанда өте кемтар. Яғни дамымаған. Сондықтан ауылдың балаларына техникаға дайындау.
Қазақтан Илон Маск шығарамын деп армандайтын ұстаздың ғылымға деген құлшынысы елді тәнті етеді. Ол оқушыларды тек теориямен шектемей, тәжірибеге баулиды, әр жобасында шығармашылық пен ізденіс сезіледі. Бақытәлінің ендігі арманы - робототехника кабинетін кеңейтіп, ауыл балаларын ғылым мен техниканың қызық әлеміне көптеп тарту. Олардың өз идеяларын жүзеге асыра алатын көшбасшыға айналуына мүмкіндік жасау.