Талғар ауданы, Бесағаш ауылында топырақ көшкіні болды
Талғар ауданы Бесағаш ауылында лай көшкіні жүріп, тұрғындарға қауіп төндірді. Сырғыған топырақтан екі үйге зақым келді. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.
Бесағаш ауылындағы «Бурабай» коттедж қалашығы тұрғындарының мазасы тағы қашты. Жексенбі күні тау беткейінен көшкен лай жұртты шошытты. Оқиға салдарынан жеңіл көлік зақымданып, тұрғын үй ауласы қираған. Адамдар дін-аман. Бір үй ауласын 500 текше метрге жуық топырақ толса, екінші үйдің аумағына 5 текше метр топырақ түскен.
ДИМАШ МҰҚАН
БЕСАҒАШ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
- Тау құлады. Мына жақта... Астында тапчан және машина тұрған. Машинаны бір 5 м итерді. 2022 де көрші үйлерге осылай құлаған болатын тау. Біз тазалық шақырған болатынбыз. Құзырлы органдар келеді, фиксация жасайды бірақ ары қарай жұмыс жасалып жатқан жоқ.
Ал қалпына келтіру жұмысына 20 адам мен 9 техника жұмылдырылды. Аудандық әкімдік өкілдері көшкін тек жауын-шашын салдарынан ғана емес, рұқсатсыз жүргізілген кәріз жүйесінен де болуы мүмкін екенін айтты. Қазір беткейдегі бұл көшелерге кәріз құбырын тарту жобасы әзірленуде.
ТАҢАТ АЙДАРБЕКОВ
ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
- Ең бірінші рет 2018-1019 жылдары опл зим болған. Сол кезде мвна стеналар жасалынған. 2023 жылы мына жердегі 2 үйге құлады, ол кезде топырақтарды тазартуға 30 млн ақша шығарып, мына жерді кескізгенбіз. 2024 қайта қайталанып, мына жоғарыдағы 8 үйге құлаған. Сол кезде тазалап, шешім қабылдап, 207 млн ақша бөлініп, стеналар қайта жасалған.
Ауласына топырақ толған Баянауыл көшесіндегі 12 үйдің тұрғындары уақытша қауіпсіз жерге қоныстанады. Енді бұл аймақтағы қауіпсіздік мәселесі әкімдік пен төтенше жағдай қызметінің күнделікті бақылауында болады.