Кеген ауданында мед.пункт ашылды

Кеген ауданы, Жаңаталап ауылынан ақжолтай жаңалық. Тұрғындар көптен күткен заманауи медициналық пункт ел игілігіне берілді.

Енді ауыл халқы алғашқы медициналық көмекті алысқа сабылмай, қолжетімді жағдайда ала алады. Жаңа нысан барлық санитарлық талаптарға сай салынып, соңғы үлгідегі  медициналық құралдармен жабдықталды. Мекемеде ем-шара жүргізуге арналған бөлме, акушерлік және терапевт  кабинеттері жұмыс істейді. Бұл нысан ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайтып, медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға зор үлес қоспақ.

Сондай-ақ оқыңыз: