Іле ауданында тұрғындарға жаңа пәтер кілттері табысталды
Іле ауданы, Өтеген батыр ауылында үй кезегінде тұрған азаматтар баспаналы болды. Мемлекеттік бағдарлама аясында 60 адамға жаңа пәтер кілтері табысталды. Баспана «Отбасы банк» арқылы жеңілдетілген ипотекалық несиеге беріліп отыр. Бұл жоба тұрғын үйге мұқтаж жандарды қолдауға және әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуды көздейді.
Пәтерлер ҚР Үкіметі бекіткен «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында берілді. Аталған бағдарлама өңірлерде тұрғын үй саясатын жүйелі іске асыруды көздейді. Бұл бағыттағы жұмыс Іле ауданында қарқынды жүргізіліп жатыр дейді жергілікті билік өкілдері.
ҚАЙЫРЖАН ЖАҚСЫМБЕТОВ
ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
«Іле ауданында өтіп жатқан шара ол біздің тұрғындарды баспанамен қамтудың біздің мемлекеттік саяси үлкен бір басты бағдарламасының біреуі. Осы бағдарламаның есебінде біз Іле ауданында қазіргі таңда үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту. Қазіргі таңда 5400-ге жуық тұрғын үй кезегінде тұр. Бүгінгі таңда 2025 жылы осы Іое ауданында 269 пәтер сатып алынды. Сол қазіргі таңда кезең кезеңімен, рет ретімен отбасы банк арқылы берілетін болады»
Жаңа пәтер иелерінің қатарында көпбалалы отбасылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жандар мен бюджеттік сала қызметкерлері бар.
СӘРСЕНГҮЛ НАЗАРБАЕВА
КӨПБАЛАЛЫ АНА
«Мен осы үйде очередьте тұрғаныма көп балалы ана статуспен тұрғанмын. Қазіргі таңда 15 жыл болды мен күтіп жүргеніме. Аллаға сансыз шүкір, 15 жылда мен өз баспанама қол жеикіздім. Мен 3 бөлмелі үйге қол жеткіздім. Өйткені менде 4 ұл, 1 қыз бар. Сондыштан маған 3 бөлмелі үй бұйырды. Үйдің сапасы барлығы жақсы, енді болады әрбір үйде бір кем кетік болады, ол өзің салсаң да болады ондай кем кетік. Бірақ өте тамаша, бізге ұнады»
2025 жылы Іле ауданында әлеуметтік осал топтағы азаматтарды баспанамен қамту үшін 269 пәтер сатып алынды. Алдағы уақытта да үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасын табады.