Конституциялық реформа: Қарасай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Ғ.Аманованың пікірі
«Конституциядағы өзгерістер ел болашағы үшін маңызды қадам. Ата-заңның 77 бабына өзгеріс енгізілді. Бұл атқарылған жұмыстың ауқымын көрсетеді. Жаңа нұсқа халыққа жақын, құқықтық тұрғыдан нақты әрі түсінікті тілде жазылған. Сондай-ақ, парламенттің «Құрылтай» деп аталуы да оң шешім. Бұл атау қазақ халқының дәстүрі мен ұлттық болмысын айқындай түседі» дейді Қарасай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Ғалия Аманова.
ҒАЛИЯ АМАНОВА
ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ
«Жаңа редакциясында конституцияның адамның құқықтары жоғарғы орында тұр. Ең бастысы негізі әр мемлекеттің ол басты байлығы адам ғой. Сол адамның құқықтары жайлы осы конституцияда жақсы айтылған.Бұл бес күнде жазылып шыққан жоқ. Міне жарты жыл, сегізінші қыркүйекте біздің президентіміз Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтты осы жаңа конституция жайында. Сол жаңа конституцияның жобасы жарты жыл халықтың талқылауында болды. Мың алты жүз ұсыныс түсті. Енді бұл деген халықтың көпшілігі осы жаңа конституцияның қолданысқа берілуін, қабылдануын жоғары дәрежеде ұстап отыр деп ойлаймын.»