Еңбекшіқазақ аудандағы кәсіпкер үйіне күн сәулесі батареясын орнатты

Еңбекшіқазақ ауданында күн сәулесінен табыс тауып отырған отбасы бар. Жасыл энергияның көмегімен үйдегі жарық та жанады. Қажетті су да жылиды. Анда санда жел соғып көршілер қараңғылық құшағында қалғанда, Жаңабаевтар отбасының жарығы самаладай жарқырап тұрады. Үйінің шатырын жарқыраған күн панелдеріне толтырып, отбасылық станция құру жобасын Темірхан Жаңабаев осындан екі жыл бұрын қолға алыпты.

 ТЕМІРХАН ЖАҢАБАЕВ - КӘСІПКЕР
- Бастабында 24 панел әкеліп орналастырдым. Сөйтіп өзім үйге ток ала бастадымү сөйтсем үйдің тогі 90 пайызға дейін үнемделді. Енді бастабында бірақ ақша шығардық. Бірақ мына панелдердің жұмыс істеу көрсеткіші 25 жыл. Олардың бетінде калонни стекло дейді. Өте қатты әйнектен жасалады. Бұршаққа қарға жаңбырға өте төзімді. 

Ебін тапқан екі емер деген. Бүгінде Қайназар ауылындағы бұл отбасында әрбірі 670 уаттық ток өндіруге қуаты жететін жалпы 42 күн панелі орналасқан. Сағтына 30 киловат электр энергиясын өндіреді. Оған қоса отбасына қажетті ыстық суды тәулік бойы қамтамассыз ететін мына құрылғыда тек күн көзімен жұмыс істейді.Бұл жалпы сыйымдылығы 250 литр болатын күн энергиялы жылту қазандығы. Ішіндегі су күндіз күн энергиясы арқылы 100 граудысқа дейін жылып тұрса, ал түнде ішінде орналасқан жылыу сақтағыш термос арқылы бір қалыпты темпратураны тәулік бойы ұстап тұрады. Қазір міне судың қаншалық ысып тұрғанын тексеріп көрейік. 

Үйіміз тау бөктерінде орналасқандықтан жарығымыз күні түні сөнбейбі дейді отбасындағылар. Себебі қалтадан көк тиін шығын шықпайды. Ал келіндері ыстық су тоқтап қалама деп те еш уайымдаған емес. 

САНИЯ АЛПАМЫС - КЕЛІНІ
- Күн панелдерінің арқасында мен қазір ыдыстарымды жылы сумен жуып отырмын. Айтқандай ауарайының қолайсыздығына байланысты көршілеріміздің үйінде жарық сөніп қалғанда біздің үйде әр қашан жарық, суларымыз ыстық күйде тұрады. Осы атамның жобасы арқасында бізде қараңғы үйде отырып қалу, салқын суда ыдыс жуу деген мүлде болмайды./


Темірхан Жаңабаев бүгінде күн панелдерінің көмегімен қосымша табыс тауып отырғанын да жасырмады. Яғни Алатау жарық компаниясына күніне 25 киловат электр энергиясын сатады. Тіпті осы жобаға салған 5 милион теңге қаржысының жартысынан көбі қолына қайтып үлгерген көрінеді.


ТЕМІРХАН ЖАҢАБАЕВ - КӘСІПКЕР
- Жаздың күні күн көп болғандықтан өзімнің қолданғанымнан бөлек 200 мың теңгедей менің есепшотыма келіп түседі. Ал қыстың күні күн қысқа бұлтты күндер көп, сондықтан энергия беру азаяды. Сәйкесінше ол кезде ақша кішкене азайып, 50-60 мың теңге шамасында түсіп отырады.

Енді кәсіпкер үй маңындағы бір жарым гегтарлық алма бағын алып тастап, орнына күн панелдерін орналастыру жұмыстарын қолға алуда. Себебі иәулігіне 200 киловатқа дейдін электр энергиясын сатып, табыс табуға мемлекеттен арнайы рұқсат етілген.  

Сондай-ақ оқыңыз: